Полигонға іргелес тұратын аумақтағы мүгедектерге көмек ретінде 154 млн теңге қарастырылды
![Полигонға іргелес тұратын аумақтағы мүгедектерге көмек ретінде 154 млн теңге қарастырылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20130129125337.jpg)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен және жергілікті мәслихат шешімімен «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін облыстың алты ауданында (Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе) тұратын мүгедектерге 2005 жылдан бастап әлеуметтік көмек түрлері төленіп келеді.