ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Шенген төңірегіндегі шырғалаң ширығып тұр
![ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Шенген төңірегіндегі шырғалаң ширығып тұр](http://www.inform.kz/fotoarticles/20140802175149.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада киносүйер қауым мәртебелі «Оскар» сыйлығын табыстаудың 88-ші салтанатты шарасына куә болды. Осылайша, ұзақ уақыттан бері «Ленардо Ди Каприо награда ала ма, алмай ма?» деген талайдың көкейіндегі сауалға жауап берілді. Ал дәл осы сәтте кәрі құрлықта босқындардың легінің астында қалған мемлекеттер бір-бірінен шекараларын жауып, дүрлігіп жатқан еді.