Балалар мен жасөспірімдердің «Шаттық-2016» шығармашылық байқауының Гала-концерті өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтой аясында Астана қаласы Білім басқарамасының ұйымдастыруымен ақпан айының 15-29 жұлдызы аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауы өтті. Астана қаласының мектеп, лицей, гимназия, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары қатысқан шараның қорытындысы 29 ақпанда Астана қаласындағы Конгресс-холл сарайында Гала-концертпен шығарылып, жүлдегерлер мерейтойлық алтын мүсіндермен және өзге де сыйлықтармен марапатталады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.