«Нұр Отан» партиясы сайлауалды үгіт-насихат барысында 88 мың түрлі шаралар өткізеді
![«Нұр Отан» партиясы сайлауалды үгіт-насихат барысында 88 мың түрлі шаралар өткізеді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160220125753.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы 20 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанының басталғаны туралы хабарлады. Сайлауалды үгіт-насихатты іске асыруға 60 мыңнан астам адам қатысады, олар 88 мың шара өткізеді. Бұл туралы партияның сайлауалды штабының басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді.