Өңірлердегі қолжетімді баспана құрылыстары жоспарға сай салынып, уақытылы тапсырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» Басқарма Төрағасы Бауыржан Мамыталиев Қазақстанның алты аймағынан келген құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті. Онда өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында қолжетімді баспана салып жатқан компаниялар құрылыс барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметінен хабарланды.