Дүниежүзілік банктің сарапшылары Ұлттық скринингтік бағдарламаны бағалауға шақырылады
![Дүниежүзілік банктің сарапшылары Ұлттық скринингтік бағдарламаны бағалауға шақырылады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160218115249.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткішін арттыру мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама жетілдірілетін болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.