Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында 10 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді
![Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында 10 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160122181702.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауында 9840 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін еліміздің саяси партиялары өкілдеріне арналған семинар барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Фоос мәлім етті.