Қазақстанда боранды күндері жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін
![Қазақстанда боранды күндері жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін](http://www.inform.kz/fotoarticles/20141126172500.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда боранды күндері қасақана жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салу ұсынылды. Бұл жайында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды.