Алматыда трамвай желісін жаңартуға 16 млрд. теңге қажет - Б. Байбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының трамвай депосында қазіргі таңда бар болғаны 12 трамвай бар. Олардың жетуі ғана жарамды. Сол үшін қалада трамвай желісін түбегейлі жаңартуға 16 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін Алматы кәсіпкерлерінің II жыл сайынғы конференциясы барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.