Анатолий Кашпировский қандай мұра қалдырды?
Жаппай гипноз сеанстарымен танылған психотерапевт Анатолий Кашпировский өмірінің аяғында "тақыр кедей қалдым" деп айтқан. Танымалдығы шарықтаған кезде тапқан миллиондарын ол АҚШ-қа көшкеннен кейін жұмсап, қымбат сыйлықтарға таратып, бір бөлігін балаларының атына рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengri Life сілтеме Kp.ru сайтына сілтеме жасап.
Кашпировскийдің мүлкінен Мәскеудегі аумағы 55,9 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер ғана белгілі. Оның құны 20–30 миллион рубльге, яғни шамамен 107–160,5 миллион теңгеге бағаланады.
Бұған дейін бұл пәтер Мемлекеттік дума тарапынан қызметтік баспана ретінде берілген. Кашпировский 1990-жылдары депутат болған. Өмірінің аяғына қарай ол пәтерді жекешелендіріп, үшінші әйелі Гулизардың атына рәсімдегені айтылады. Мұны әйелі мен кішкентай қызын үйден шығарып жіберу қаупінен қорғау үшін жасаған болуы мүмкін.
Мұраға үміткерлер қатарында АҚШ-та тұратын ұлы Сергей мен жесірі, сондай-ақ, кішкентай қызы бар.
Дегенмен бөлісетін дүние көп емес. Кашпировскийдің атына бұдан басқа қымбат жылжымайтын мүлік немесе ірі көлемдегі қаржы ресми түрде тіркелмеген.
Еске салайық, кеңестік және ресейлік дәрігер-психотерапевт Анатолий Кашпировский 3 қазанда 87 жасында қайтыс болды. Өлімінің себебі – онкологиялық ауру.
