Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан джиу-джитсудан Азия ойындарының медалін жеңіп алды

0
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Азиада финалында отандасымыз Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Ахмед Андизбен кездесті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым


Жекпе-жек барысы
Белдесу тез арада партерге ауысты, алайда төрешілер енжарлық танытқаны үшін екі балуанды да түрегеп тұрғызып, ескерту берді. Кейін бұл жағдай қайталанып, Андиз қазақстандықты кілем сыртына ысырып шығара алды. Содан соң БАӘ спортшысы Нұржанды жыға білгенімен, оны бақылауда ұстап тұра алмады. Батырбеков қарсыласының жіліншігінен ұстап алып, оған басымдыққа ие болуға мүмкіндік бермеді.
Бұдан кейін қазақстандық спортшы түрегелуге тырысты, бірақ Андиз оның денесінен ұстап, басын төмен қаратып, тепе-теңдікті қолымен сақтап тұрды. Батырбеков қарсыласының арқасына өтуге шешім қабылдағанымен, оны татамиге сәтті құлата алмады. БАӘ өкіліне бақылау орнатқаны үшін 2 ұпай берілді.
Қазақстандықтың белсенді әрекет етуіне 30 секунд уақыт қалды, бірақ ол ұпай жинай алмай, жеңісті қолдан беріп алды. Осылайша, Нұржан Батырбеков Азияданың күміс жүлдесін иеленді.
Еске сала кетейік, жартылай финалда Батырбеков Сингапур өкілі Ноа Тянь Жун Лиммен кездескен болатын. Қазақстандық атлет белдесу барысын толық бақылауда ұстап, 7:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым


Айта кетейік, Нұржан Батырбеков – осы салмақ дәрежесіндегі 2023 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Енді ол құрлықтық додадағы медаль қоржынын күміс жүлдемен толықтырды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

KAZAKHSTAN JUJITSU ASSOCIATION (@jj_kaz) жариялаған жазба


Джиу-джитсу — татамидегі шахмат
Джиу-джитсу — қарсыластың күші мен энергиясын өзіне қарсы қолдану принципіне негізделген жапондық жекпе-жек өнері және заманауи спорт түрі. Мұнда негізгі басымдық дөрекі күшке емес, техникаға, иіндікке, тепе-теңдікке және бақылауға беріледі.
Спорттық джиу-джитсуда белдесулер негізінен партерде өтеді. Спортшылар қарсыласын жерге жығып, басым позицияға ие болуға және ауырту немесе буындыру әдісін жасауға, я болмаса бақылау мен техникалық әрекеттері үшін ұпай жинауға тырысады. Сондай-ақ, ауырту әдісін сәтті орындау арқылы белдесуді мерзімінен бұрын аяқтауға болады.
Бұл спорт түрін жиі "татамидегі шахмат" деп атайды, өйткені мұнда стратегия, тактика және қарсыластың әрекетін алдын ала болжай білу қабілеті өте маңызды.

Елдос Сметов Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 55-ші медалін сыйлады





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net