Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026

22 пышақ жарақаты: Павлодарда кәсіпкер 15 жылға сотталды

0

Павлодарда кәсіпкер 52 жастағы серіктесі Асұлан Нұрмағамбетовті аса қатігездікпен өлтіру ісі бойынша сотталды. Сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоғамда резонанс тудырған процесс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аяқталды. 44 жастағы кәсіпкер Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды.

"Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Жеңілдетілген мән-жайлардың жиынтығы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы сотқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға мүмкіндік берді. Аталған бапта осындай мерзім қарастырылған", - деп түсіндірді іс бойынша төрағалық етуші судья Айнұр Жүсіпова.

Судья Айнұр Жүсіпова. Фото сот залынан Tengrinews.kz
Сондай-ақ сотталған азамат жәбірленуші тарапқа 12 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді, оның ішінде 8 миллион теңге марқұмның әйеліне беріледі.
Сотталған адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қаза тапқан кәсіпкердің жақындары сот шешіміне шағым түсіруге ниетті екені белгілі болды.

"Мен бұл жазамен келіспеймін және ұзақ мерзімге сотталуын талап етемін. Тергеу изоляторында бір күн бір жарым күн болып есептеледі, яғни ол 15 жылдың екі жылын өтеп қойды. 13 жыл өте аз деп есептеймін. Ол менің бауырымды аяған жоқ. Оған 22 рет пышақ салған. Сау тамтығын қалдырмаған", - деді үкім жарияланғаннан кейін марқұмның әпкесі Гүлжиһан Рыспаева.

Әйел үкім кесу рәсіміне бауырының суретін алып келді
Гүлжиһан Рыспаеваның айтуынша, бауыры Асұлан Нұрмағамбетов құрылыс бизнесімен айналысқан.
Тергеу нұсқасы бойынша, серіктесімен арада қаржылық келіспеушіліктер туындаған. Мәселе 84 миллион теңгеге қатысты болған. Былтыр ақпанда кәсіпкерлер гаражда кездескен, кейін жоғалып кетіп, іздеуде болған Асұлан Нұрмағамбетовтің мәйіті сол жерден табылған.

"Сотталушы сотта болған жағдайға өкінетінін, Асұлан екеуі дос болғанын айтты. Не істегенін түсінбегенін алға тартты. Бірақ ол гараждағы бейнекамераны қолғаппен жауып тастаған, демек, алдын ала дайындалған. Сотта бауырымның қарызы болмағаны айтылды", - дейді марқұмның әпкесі.

Еске сала кетейік, павлодарлық кәсіпкер Асұлан Нұрмағамбетов 2025 жылдың ақпанында жұмысқа бара жатқан жолда жеке көлігімен жоғалып кеткен. Оның мәйіті екі тәулікке жуық жалғасқан іздеу шараларынан кейін табылды. Іздеу жұмыстарына полицейлермен бірге еріктілер, Ұлттық ұлан сарбаздары және бейжай қарамаған павлодарлықтар қатысты.
Ресейде бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды
Сол жылдың наурызында құқық қорғау органдары күдікті Ресейде, Красноярск өлкесінде ұсталғанын хабарлады. Ол Нұрмағамбетовтің өңірде жарма өндірумен және астық саудасымен айналысатын әріптесі болып шықты.
Бастапқыда бұл іс адам өлтіру дерегі бойынша тергелді, кейін марқұмның жақындары істі неғұрлым ауыр бапқа қайта саралауға қол жеткізді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net