Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026

“Менің ұлым тірі“: Каспийде қаза тапты деген әскери қызметшінің әкесі ақпаратты жоққа шығарды

0
Қазақстандық Талғат Құлманов ұлы Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде әскери борышын өтеп жүрген ұлы мен әкесінің телефон арқылы сөйлескен видеосы тарай бастаған болатын.
Бейнеқоңырау кезінде Талғат Құлманов көлікте отыр, ал оның ұлы отбасына хабарласу үшін телефонды енді ғана алғанын айтады. Олар жаңалықтарын бөлісіп, бір-бірінің амандығын сұрасады, ал соңында бір-бірін жақсы көретіндерін айтады. Әкесі мен баласының бұл әңгімесі 9 қыркүйекте болған. Алайда кейбір пайдаланушылар бұл жазбаны Каспийдегі қайғылы оқиға алдындағы әке мен баланың соңғы сөйлесуі деп атаған.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы



Бүгін, 25 қыркүйекте Талғат Құлманов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады: оның ұлы тірі және әскердегі қызметін жалғастырып жатыр.

"Құрметті әлеуметтік желі пайдаланушылары! Ақтауда болған оқиға бойынша қаза тапқандар арасында менің балам бар, бұл оның соңғы видеосы деген жалған ақпарат тарап жатыр. Осы ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймын. Ұлым курсант, қазір өз қызметін атқарып жатыр", - деді Құлманов.

Сондай-ақ ол Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Туған-туыстары мен жақындары үшін осынау ауыр сәтте шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қайғылы жағдай барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Бізге, әскери қызметшілерге де оңай емес. Сондықтан жалған ақпарат таратпауды сұраймын", - деп үндеу жасады Талғат Құлманов.

Қайғылы оқиға туралы не белгілі?
24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінде 17 әскери қызметші суға кеткен. Үшеуі құтқарылды. 25 қыркүйекте таңертең соңғы екі әскери қызметшінің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.
Құтқарылған үш адамның біреуі - 19 жастағы Ақжол Темірәлиев. Ол ауруханаға ауыр хәлде түсіп, кейін жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Әәскери қызметшіге психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр.
Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Қазгидромет дауылды ескерту жариялаған: өңірде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жететіні болжанған.
Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қызметке салғырт қарады, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау мен қажетті шараларды қабылдамады, құтқару жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмады деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Жоғары лауазымды бес басшы ұсталды. Тергеу басқа да тұлғалар ұсталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қайғылы оқиғаны тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Тағы оқыңыз: Каспийде не дұрыс болмады? Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қайғылы оқиғаның ықтимал себептерін атады





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net