Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

“Командамыз мықты“ - Қазақстан құрамасының капитаны Испаниямен өтетін матч туралы

0
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогі финалдық кезеңі қарсаңында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 қыркүйекте Қазақстан құрамасы бейресми Әлем чемпионатының 1/4 финалында Испания құрамасымен кездеседі.
Щукиннің айтуынша, біздің құраманы тартысты кездесу күтіп тұр.

"Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстанның намысын қорғау – біз үшін үлкен мәртебе. Біз Испанияға қарсы ертеңгі кездесуді асыға күтіп отырмыз. Біздің құрамамыз мықты және жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сонымен қатар Испания құрамында мықты теннисшілер бар екенін және олардың өте салмақты қарсылас екенін жақсы түсінеміз. Бізді тартысты кездесу күтіп тұр. Сондықтан матчке барынша дайын болып, үздік ойынымызды көрсетуіміз маңызды", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Құрама көшбасшысы Юлия Путинцева да жаттықтырушыны қолдап, испаниялықтармен кездесуде көп нәрсе өзіне және командаластарына байланысты болатынын атап өтті.

"Менің ойымша, алдағы кездесуде тәжірибем маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мен әрқашан соңына дейін күресемін және әр матчте, әсіресе Қазақстанның намысын қорғаған кезде, жауынгерлік мінезімді көрсетуге тырысамын. Осы жігерімді командадағы қыздарға да жеткізіп, бәріміз бірге үздік ойынымызды көрсете аламыз деп үміттенемін. Біздің құрамамыз шынымен де мықты және көп нәрсе өзімізге байланысты. Ең бастысы – өзімізге деген сенімді сақтап, ойын жоспарымызды ұстану және әр ұпай үшін күресу", - деді ол.

Айта кетейік, Билли Джин Кинг кубогінде Қазақстан құрамасы сапында Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Соня Жиенбаева және Анна Данилина өнер көрсетеді. Әлемдік рейтинг көшбасшыларының бірі және Қазақстанның үздік теннисисі Елена Рыбакина жарақатына байланысты турнирге қатыспау туралы шешім қабылдады.
Испания құрамасына келетін болсақ, командада елдің ең танымал теннисшісі Паула Бадоса жоқ, бірақ Кристина Букша мен Кейтлин Каведо рейтингте Юлия Путинцевадан жоғары тұр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Юлия Путинцеваның (@yulia_putintseva) жазбасы


Айта кетейік, Испания мен Қазақстан құрамалары бұған дейін Билли Джин Кинг кубогі аясында кездескен - 2022 жылы испаниялықтар 3:0 есебімен басым түскен болатын.
Билли Джин Кинг кубогы (Billie Jean King Cup) - әйелдер теннисіндегі басты халықаралық командалық турнир, Әлем чемпионатының баламасы. Бұл сында теннисшілердің ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге сирек мүмкіндігі бар. Қазақстан құрамасы бұл кубокті әлі бірде-бір рет жеңіп көрген жоқ.
Биыл Билли Джин Кинг кубогі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатыр және 27 қыркүйекте финалмен аяқталады.
Рыбакина Қазақстан құрамасына қатысты шешімін түсіндірді





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net