Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда қай жерлерде автотұрақ екі есе қымбаттайды: көшелердің толық тізімі

0
Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы шешімінің жобасында сараланған тарифтер енгізу ұсынылатын көшелер мен тұрақ аймақтарының толық тізімі жарияланды. Қосымшада 338 учаске көрсетілген.
Көлік тұрағы қай жерлерде 100 теңге болып қалады?
Тізімдегі 77 учаскеде 100 теңге көлеміндегі базалық тариф көзделген.
Атап айтқанда, тізімге мыналар кіреді:

Тілендиев,, Брусиловский және Түркебаев көшелерінің бір бөлігі, Төле би мен Райымбек батыр даңғылдарының аралығы;Абай даңғылы, Сәтбаев, Тимирязев, Шаляпин, Сайын, Розыбакиев және басқа да көшелердің кейбір учаскелері.

Мысалы, сағатына 100 теңгелік тарифті мына жерлерде қалдыру ұсынылады: Абай даңғылының Б. Момышұлынан Саинға дейінгі аралығы; Тимирязев көшесінің Розыбакиевтен Байтұрсыновқа дейінгі аралығы; сондай-ақ Қалқаман шағынауданындағы № 7 қалалық аурухана маңы.

Көлік тұрағы қай жерлерде 150 теңге болады?150 теңгелік тариф 90 учаскеде қарастырылған - жобада №78-ден №167-ге дейін.
Бұл тізімге мына көшелер кіреді:

Абай даңғылының кейбір учаскелері, Байтұрсынов пен Мұқанов, Манас, пен Әуезов, Әуезов пен Гагарин аралығы.
Гагарин даңғылы, Жандосов пен Төле би аралығы;
Төле би, Сәтбаев, Шевченко, Жароков, Қабанбай батыр, Қарасай батыр және өзге де көшелер.

Сондай-ақ мына нысандардың маңындағы тұрақтарды 150 теңгеден тарифтеу ұсынылады:

Солтүстік айналма жолындағы бірқатар базар мен сауда орталықтары;"Сайран" автовокзалындағы тұрақ;
Бас ботаникалық бақтың оңтүстік кіреберісіндегі тұрақ аймағы;Төле би көшесіндегі City Center БО-дағы учаске.


Тұрақ ақысы қай жерлерде 200 теңгеге дейін қымбаттайды?Ұсынылған тізімдегі ең үлкен топ - сағатына 200 теңгелік тариф орнатылатын аймақтар: №168-ден №338-ге дейін, яғни 171 учаске.
Оған Алматы орталығының едәуір бөлігі кірді:

Шевченко, Құрманғазы, Сейфуллин, Наурызбай батыр, Достық, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Гоголь, Жібек жолы, Мақатаев, Абылай хан, Қонаев, Пушкин және Зенков көшелерінің жекелеген учаскелері;Әл-Фараби даңғылындағы "Нұрлы Тау" бизнес-орталығындағы тұрақ;Достық даңғылы, Абайдан Жолдасбековке дейін;
Абай даңғылының орталықтағы бірнеше учаскесі;
Жібек жолы айналасындағы көшелердің басым бөлігі.

Маңызды жайт: тариф толық көшеге емес, нақты учаске мен тұрақ аймағына байланысты белгіленеді. Бір көшенің бойында баға әртүрлі болуы мүмкін.

Неге тариф өзгереді?
Еске сала кетейік, бүгін Алматы мәслихатының сессиясында коммуналдық ақылы тұрақтардың тарифтерін өзгерту ұсынылды. Сағатына 100 теңге болатын бірыңғай бағаның орнына, нақты аумақтағы көлік жүктемесіне байланысты 100, 150 және 200 теңгелік сараланған төлем жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.
Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, қазіргі тариф 2016 жылдан бері өзгермеген. Осы уақыт ішінде қаладағы автокөлік саны бір миллионнан асып, жолдар мен тұрақ аймақтарына түсетін жүктеме айтарлықтай артты. Соған сәйкес, бірыңғай тариф негізгі міндетін - тұрақ орындарының ауысымдылығын және бос орындардың болуын, әсіресе Алматының орталық бөлігінде қамтамасыз етуді орындай алмай қалды.
Тағы оқыңыз: Алматыда автотұрақтар қымбаттайды: бірыңғай тарифтің орнына үш жаңа тариф енгізілмекАлматыда кімдер көлігін тегін тұраққа қоя алады: жаңа ереже жарияланды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net