Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Шапито”: “Астана” - “Қайрат” матчінен кейін жанжал шықты

0
"Астана" мен "Қайрат" жаттықтырушылары Григорий Бабаян мен Рафаэль Оразбахтин ҚПЛ матчінен кейін сөз таластырды. Алматылықтардың бапкері баспасөз мәслихатынан "шапито" деген сөзбен шығып кетсе, Бабаян оған жауап ретінде әріптесін "сайқымазақ" деп атады, деп хабарлайды Tengri Sport.
"Астана" мен "Қайрат" матчі төңірегіндегі дау өткен турда-ақ басталған болатын. "Тобылдан" жеңілгеннен кейін Оразбахтин "Астана" жаттықтырушысы алматылықтармен өтетін ойынға көшбасшыларын сақтап қалуды ұйғарғанын және чемпионат көшбасшысы "Ордабасыға" қарсы команданың үздік сұрмергенінсіз ойнағанын айтқан еді.

"Меніңше, ең бастысы - өмірде дұрыс бағытта жүру керек. Ар-ұжданмен өмір сүріп, адам болып қалу маңызды. Бәріміз пендеміз. Жетістікке түрлі жолдармен жетуге болады, бірақ өзіңмен-өзің қалғанда, өміріңде жасаған істерің үшін ұялмауың керек. Егер сен оны адал істесең... Бәріміз соған ұмтылуымыз қажет", - деді Оразбахтин.

Шымкенттегі матчте "Астана" ақыры жеңіліп қалды, ал өз алаңында "Қайратқа" қарсы ойынға негізгі құраммен шықты. Кездесудің 11-минутында-ақ төреші Садыбековті алаңнан қуып, елордалық команда бір ойыншы артықшылығын пайдаланды.
Матч 1:0 есебімен "Астананың" пайдасына аяқталып, "Ордабасыға" турнир кестесінде "Қайраттан" 4 ұпайға ұзап кетуге мүмкіндік берді.
Ойыннан кейін Рафаэль Оразбахтин баспасөз мәслихатына шығып, қысқаша мәлімдеме жасады.

"Баршаңызға қайырлы күн! Көп сөйлемеймін, бір-ақ сөз айтамын: шапито! Рақмет!" - деді Оразбахтин конференц-залдан шығып бара жатып.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

1bol.kz жарияланымы (@b1rinshibol)


Бұл сөздер Григорий Бабаянның құлағына жетіп, "Астана" бапкері өз баспасөз мәслихатында бұған шұғыл реакция білдірді.

"Оразбахтинге қатысты сұрақ - ол өзіне неге жол береді, өзін кім деп ойлайды? Мен жай ғана таңғалғанымды айтамын, өйткені онымен қарым-қатынасымыз өте жақсы еді. Мен ол 1:4 есебінен кейін эмоциямен айтты, кейін хабарласып немесе жазып: "Тыңдашы, сол жерде қызып кетіппін..." дейтін шығар деп ойладым. Біздің мамандық өте қиын, ең күрделі салалардың бірі. Онда бір-бірімізді қолдауымыз керек. Бірақ ештеңе жоқ. Шапито? Білмеймін, бәлкім ол өзі туралы айтқан шығар, мүмкін сайқымазақ келген болар", - деп келтіреді Бабаянның сөзін Vesti.kz.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының аяқталуына төрт тур қалғанда үш команданың чемпиондыққа теориялық мүмкіндігі бар: "Астана", "Қайрат" және "Ордабасы". Бұл ретте алматылықтар мен шымкенттіктер үздік үштіктен шықпайтыны анық.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Астана» | FC Astana (@fca.astana) жарияланымы


ҚПЛ турнир кестесі (үздік 4)

"Ордабасы" (Шымкент) - 61 ұпай (26 матч);
"Қайрат" (Алматы) - 57 ұпай (26 матч);
"Астана" (Астана) - 48 ұпай (25 матч);
"Оқжетпес" (Көкшетау) - 42 ұпай (25 матч).


"Шапито": әлеуметтік желілердегі дауға реакция
Жаттықтырушылардың баспасөз мәслихатынан кейін жанжал әлеуметтік желілерде жалғасты. "Астана" ФК-ның TikTok-тағы ресми аккаунты болып жатқан жайтқа "Мадагаскар" мультфильміндегі Марти атты зебраның сайқымазақ парик киіп билеп жүрген видеосымен жауап берді.

@fca.astana ????‍♂️ #fcastana ♬ түпнұсқа дыбыс - FC Astana





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net