Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Супер-Эль-Ниньо және Қазақстан климаты: 75 жылдық бақылаулар нені көрсетті?

0

Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо құбылысы күшейіп келеді. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) оның шарықтау шегі 2026 жылдың соңына қарай болады деп күтеді. "Қазгидромет" 1951-2025 жылдардағы бақылау мәліметтерін талдап, бұл құбылыстың Қазақстанға қандай заңдылықтармен байланысты екенін анықтап көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
75 жылдық бақылау нәтижелері не көрсетті?
Эль-Ниньо Тынық мұхитының тропикалық бөлігінде пайда болады, алайда оның әсері қалыптасу аймағынан тыс жерлерге де таралуы мүмкін. Қазақстанға ол жанама түрде - еуразиялық ауқымдағы атмосфералық циркуляцияның, циклондар траекториясының және ауа массалары тасымалының өзгеруі арқылы әсер етеді.
Анықтама: Эль-Ниньо - экваторлық Тынық мұхитының орталық және шығыс бөліктеріндегі беткі сулардың аномальды жылынуы болатын климаттық құбылыс.

"Қазгидромет" РМК-ның 1951-2025 жылдардағы бақылау мәліметтерін талдау нәтижесі Эль-Ниньо кезеңдерінде Қазақстанның кейбір оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында суық маусымдағы жауын-шашын мөлшерінде белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетті. Бұл құбылыс әсіресе Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында айқын байқалады. Елдің солтүстік аймақтарына қарай бұл тәуелділік әлсірей түседі", – деді синоптиктер.

Ал температура жағдайы қалай болмақ?
Сонымен қатар мамандар Эль-Ниньо мен Қазақстандағы ауа температурасы арасында тұрақты байланысты анықтаған жоқ.
Бұл әсіресе елдің солтүстік және шығыс өңірлеріне қатысты. Мұндағы температуралық режимге басқа да ауқымды атмосфералық процестер, соның ішінде Арктикалық және Солтүстік Атлантикалық тербелістер, Сібір антициклоны және атмосфералық циркуляцияның ерекшеліктері көбірек әсер етеді.
Сондықтан Эль-Ниньоның қалыптасуы Қазақстанда міндетті түрде белгілі бір температуралық аномалия болады дегенді білдірмейді.
Эль-Ниньо Қазақстандағы ауа райын өзгерте ала ма?
Метеорологтардың мәліметінше, көпжылдық бақылаулар белгілі бір климаттық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік бергенімен, нақты бір маусымды алдын ала сипаттауға мүмкіндік бермейді.

"ДМҰ ұсынған бағалаулар Эль-Ниньоның жаһандық климаттық процестерге әсерін сипаттайды және Қазақстан аумағы үшін нақты ауа райы болжамы болып саналмайды", – деп толықтырды мамандар.

Бұған дейін Эль-Ниньо әсері туралы не айтылды
Қыркүйек айының басында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Эль-Ниньо табиғи феномені 2026 жылдың соңына қарай шарықтау шегіне жетеді, ал оның әсері кем дегенде 2027 жылдың ақпанына дейін сақталады деп болжаған болатын. Бұл әлемнің көптеген аймақтарындағы температура мен жауын-шашын режиміне әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін Tengrinews.kz бұған дейін күшейіп келе жатқан Эль-Ниньоның Қазақстанға әсерін талдап жазған болатын. Мамандар бұл құбылыс жалпы атмосфералық циркуляцияға әсер етіп, климаттық аномалиялардың, соның ішінде аномальды жылы кезеңдердің, жауын-шашын режимінің тұрақсыздығы мен кейбір құрғақшылық құбылыстарының ықтималдығын арттыратынын атап өтті. Дегенмен, Қазақстан үшін нақты салдарды тек Эль-Ниньоға қарап алдын ала анықтау мүмкін емес.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net