Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Рыбакина бірінші болады“: Соболенко қазақстандық теннисшімен бәсеке туралы айтты

0

Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенко рейтингте қазақстандық Елена Рыбакинадан қалып қойса да, US Open турнирінде қайта жеңіске жетсе, бақытты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport US Open баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Беларусьтік теннисші ширек финалда Линда Носкованы чемпиондық тай-брейкте ұтып, Американың Үлкен дулыға турнирінде қатарынан алтыншы рет жартылай финалға шықты.
Бұл ретте Аринаның турнирдегі нәтижесіне қарамастан, егер қазақстандық Елена Рыбакина да жартылай финалға дейін жетсе, Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы атағынан айырылуы мүмкін.
- Рейтингтегі жағдай саған байланысты емес екенін және қазірше өзіңнен талап етілетін нәрсенің бәрін жасап жатқаныңды түсінеміз. Егер Елена (Рыбакина) бірінші болып, ал сен үшінші US Open титулыңды жеңіп алсаң, бұған қалай қарайсың? - деп сұрады Соболенкодан жеңістен кейінгі баспасөз мәслихатында.

- Иә, мен өте бақытты болар едім. Мәселе жоқ. Мен қарсы емеспін, - деп жауап берді Арина.

- Бұл сен үшін маңыздырақ болар ма еді?

- Әрине, иә. Жетістікті қайталау - керемет нәрсе, - деп атап өтті Соболенко.

Еске сала кетейік, 100 аптадан астам уақыт бойы көш бастап тұрған Соболенконы бірінші орыннан ығыстыру үшін Елена Рыбакинаға US Open ширек финалында қытайлық Циньвэнь Чжэнді жеңу жеткілікті.

Соболенкодан егер Елена Рыбакина әлемнің 1-раккасы болып, ал өзі үшінші US Open титулын иеленсе, бұған қалай қарайтыны сұралдыАрина: "Иә, мен өте бақытты боламын. Маған бәрібір. Қарсы емеспін"."Бұл сен үшін маңыздырақ па?"Арина: "Иә. Үшінші рет қатарынан жеңу. Керемет естіледі".pic.twitter.com/rhV88FhIvr
— The Tennis Letter (@TheTennisLetter) September 8, 2026
Соболенко бұған дейін Рыбакина туралы не деді?
Аринаның қазақстандық теннисшіге қатысты әрдайым құрметпен қарай бермейтінін еске сала кетейік. Рыбакинадан алғаш рет жеңілгеннен кейін (Индиан-Уэллс 2023 финалы) беларусьтік теннисші марапаттау рәсімі кезінде Еленаға тілін шығарған болатын.

"I'll make sure it was the last one...!" ????Fighting talk from @SabalenkaA ???? #TennisParadise pic.twitter.com/9ADEFjMYfq
— wta (@WTA) March 19, 2023
WTA 2025 Қорытынды турнирінің финалы кезінде Соболенконың жүйкесі сыр берді. Рыбакина кезекті сәтті ұпайын алғаннан кейін, Арина өз командасына "жылына бір рет таяқ та атады" деп айтқан.
Tengri Sport-қа берген сұхбатында қазақстандық теннисші бұл сөз оған бағытталса да, қарсыласына ешқандай реніші жоқ екенін айтты.

"Маған матчтен кейін жіберген болатын, бірақ ол контексте айтылған сөз еді. Біз Аринамен көп рет ойнадық, биыл да бір емес, бірнеше рет кездестік, сондықтан мен бұған аса көңіл бөлмеймін. Мен Аринаға да, оның командасына да жақсы қараймын, сондықтан бұл шынымен маған қарата айтылса да, көңіліме алмаймын", - деді Рыбакина.

Айта кетейік, Соболенко сабырлы қалыпта берген сұхбаттарында Рыбакинаны "ғажайып теннисші" деп атап, оның допты ойынға қосу шеберлігін жоғары бағалап, талай рет құрмет білдірген.

Рыбакина қашан әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін?
Рыбакина - Чжэн матчі 9 қыркүйекке жоспарланған, осы ойыннан кейін Рыбакина WTA live-рейтингінде Соболенкодан озып кетуі мүмкін. Матчтің басталуы Қазақстан уақытымен 20:30-ға белгіленген, бірақ US Open корттарындағы басқа кездесулерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Бұл ретте WTA рейтингі ресми түрде тек US Open аяқталғаннан кейін өзгереді. Турнир 13 қыркүйекке дейін жалғасады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net