Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Хуситтер Сауд Арабиясындағы төрт қалаға шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

0

Таяу Шығыстағы соғыс өрши түсті: хуситтер Сауд Арабиясындағы төрт қалаға шабуыл жасады. Саудиялық билік мәліметінше, 73 адам жараланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Сейсенбіде Йемен хуситтері Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалаға, сондай-ақ мұнай нысандарына шабуыл жасады.

Олар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандарды пайдаланып, оңтүстіктегі Хамис-Мушайт қаласындағы саудиялық авиабазаға, сондай-ақ көршілес Абхадағы, Йеменмен шекаралас Наджрандағы және ірі мұнай өңдеу зауыты мен электр станциясы орналасқан Қызыл теңіздегі ірі порты бар қала - Джазандағы мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі нысандарға соққы жасады.

Хуситтер Сауд Арабиясы аумағының түкпірінде ауқымды операция басталғанын мәлімдеді. Саудиядық билік оқиға орындарында өрт шыққанын хабарлап, зардап шеккен 73 адамның арасында әйелдер мен балалар бар екенін айтты.

Басылым мәліметінше, жараланғандар санына қарағанда, бұл шабуылдар АҚШ пен Израиль ақпанда Иранға қарсы соғыс бастағалы бері Сауд Арабиясына жасалған ең ірі соққылардың бірі болды.

Хуситтердің бақылауындағы БАҚ сейсенбі кешке Сауд Арабиясының әскери ұшақтары Йемен астанасы Сананың шығысындағы Джуба ауданы мен оңтүстік-батыстағы Таиз провинциясына әуеден соққы жасағанын хабарлады.

Сауд Арабиясы он жылдан астам уақыт бойы Йемендегі хуситтерге қарсы соғысып жатқан араб коалициясын басқарып келеді. Кейінгі жылдары соғыс бәсеңдеген еді, бірақ бітім бұзылып, хуситтер Қызыл теңіз сағасындағы кеме қатынасына қауіп төндірді.

Кейінгі күндері елдің оңтүстігінде орналасқан Сауд Арабиясы қолдайтын йемендік үкімет күштері, хуситтер үкімет иелігіндегі позицияларға қарай ілгерілеуге тырысқаннан кейін, олардың бақылауындағы аудандарға жан-жақты шабуыл бастады.

Халықаралық көші-қон ұйымы кейінгі үш күнде Йеменнің батыс жағалауындағы ұрыс қимылдарына байланысты 18 500-ден астам адам өз үйлерін тастап кеткенін хабарлады.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазында иесіз аймақ құруға қатысты жаңа жоспарын жариялаған болатын. Таяуда АҚШ Иранға жаппай соққы жасап, елдің қарулы күштерін әлсіретіп, онсыз да тұралаған экономикасына залал келтірді. Соған қарамастан, ел зымырандық және ұшқышсыз басқарылатын аппараттар әлеуетін сақтап қалды, бұл Ормуз бұғазы арқылы рұқсатсыз өтетін мұнай танкерлеріне қауіп төндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Тегеран АҚШ-тың әскери базалары орналасқан көршілес Парсы шығанағы елдеріне соққы жасау қабілетін сақтап отыр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net