Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Ойынды таныдым“. Қазақстандық Аустралияда тапқан ерекше олжасын көрсетті

0

Қазақтың асығы елден мыңдаған шақырым жерден "табылды". Сиднейдегі кітап дүкенінде қазақстандық азамат ұқсас сүйектері бар балалар ойынын көріп қалып, бұл олжасын желіде бөлісті, деп хабарлайды Tengri Life.
Неден басталды?
Ерекше олжаның суреттерін қолданушы әлеуметтік желіде жариялады.

"Бірнеше ай бұрын Сиднейдегі кітап дүкенін аралап жүріп, өзіме таныс асық ойынына кезіктім. Мойындаңыздар, араларыңыздан кім мұнда бизнес ашып алған?" - делінген жазбада.

Асыққа ұқсайтын австралиялық балалар ойыншығы. Скриншот: Threads
Пікір қалдырушылар бұл ойын әртүрлі елде "knucklebones" деген атпен танымал екенін еске салды. Өзгелер Қазақстанда ойынның пластиктен жасалған қолжетімді нұсқалары неге шығарылмайтынына таңғалды.

"Бұл knucklebones қой. Халықаралық ойын", "Әттең, Австралияда бар, бізде жоқ. Негізі оны пластиктен құйып шығарудан оңай не бар?", "Қызықты олжа екен, мұндай жайттар шынымен назар аудартады", - деп жазды қолданушылар.

Бұл қандай ойын және оны қалай ойнайды?
Қаптама сыртында ойын ережесі жазылған, ол қазақтың ұлттық ойыны - бестасқа өте ұқсас.
Басты мақсат - жеті деңгейден бірінші болып өту. Бастамас бұрын ойыншылар бес асықты жоғары лақтырып, алақанмен қағып алады - кімде көп болса, сол бірінші кезекте бастайды. Егер қателессеңіз немесе сүйекті түсіріп алсаңыз, кезек бірден келесі ойыншыға өтеді.
Алдымен қарапайым кезеңдер келеді: бір асықты жоғары лақтырып, жерден қалғандарын - бірден, екіден, үштен және төртеуін бірден жинап алу керек.
Келесі деңгейде дыбыстық талап қосылады: асықтарды қағып алғанда не анық шықылдауы керек, не керісінше, мүлдем дыбыссыз соғылуы тиіс.
Соңында ең қиын тапсырма орындалады: жердегі барлық сүйекті бірден сыпырып алу (Dumps), асықты жоғарыдан ұстап алу (Catching Flies) немесе сүйектерді кезекпен бүгілген саусақтардың астына кіргізіп (Horse in the Stable), соңғы бір қимылмен жинап алу.
Ойын 5 жастан асқан балаларға арналғаны атап өтілген.
Оңтүстік Кореяда бұл ойын конггинори деген атпен белгілі. Онда да бес кішкентай тас қолданылады және ептілік пен үйлесімділікті талап ететін бірізді кезеңдерден тұрады. Ережеде айырмашылық болғанымен, ойынның жалпы рухы сақталған.
Естеріңізге сала кетейік, шетелдік дүкендерден қазақ ойындарын ғана емес, қазақ тілін де кездестіруге болады. Бұған дейін Германиядағы дүкенде танымал еуропалық бренд киімінің затбелгісі қазақ тілінде жазылған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net