Александр Бублик қарсыласын ойсырата жеңіп, US Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open - 2026 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport Сhampionat басылымына сілтеме жасап.
Екінші айналымда ол әлемнің 67-ракеткасы, француз Адриан Маннариноны 6:3, 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.
Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут өткізді. Бублик 16 эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың 6-ауын сәтті пайдаланды.
Оның қарсыласы бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және үш брейк-пойнттың бірде-бірін жүзеге асыра алмады.
Келесі кезеңде Бублик Дино Прижмич (Хорватия) – Томми Пол (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
US Open - 2026 турнирі 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы - өткен жылғы финалда италиялық Янник Синнерді жеңген испаниялық Карлос Алькарас.
