Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Бұзу әлде реконструкция: Алматыдағы “Совминкада“ шын мәнінде не болып жатыр?

0

Әлеуметтік желілерде мамырдан бері Алматыдағы "Совминканың" бұзылуы мүмкін екені талқыланып жатыр. Желі қолданушылары дәрігерлердің көшуге дайындалып жатқанын, ал ескі корпустардың сүрілетінін жазған болатын. Tengrinews.kz медициналық кешеннің қай бөлігі шынымен бұзылатынын, несі сақталатынын және госпитальді жаңарту жұмыстары қашан аяқталатынын анықтады.
"Совминкаға" қатысты өзгеріс туралы не белгілі?
Алматылықтар арасында "Совминка" деген атпен танымал Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасын (Ұлттық госпиталь) бұзу мүмкіндігі туралы қауесет әлеуметтік желілерде мамыр айында пайда болды.
Желі қолданушылары алдағы өзгерістер туралы емделушілерге аурухана қызметкерлері айтқанын алға тартты.

"Алматылықтар, "Совминканы" бұзады дегенді естідіңіздер ме? Анам сол жерде тексеруден өткен еді, дәрігерлер олардың басқа жаққа ауыстырылып жатқанын және ғимараттың бұзылуға дайындалып жатқанын айтыпты. Аурухана үшін жаңа ғимарат салынатын көрінеді. Мұның не қажеті бар? Бұл ғимарат қазіргі жаңа құрылыстардың бәрін жолда қалдырады ғой", – жазды деді қолданушылардың бірі.

Маусым айында бұл талқылау одан ары жалғасты. Кейбір алматылықтар ескі ғимараттардың сүрілуіне қарсы шықты.

"Жақсы нәрсені қиратқанша, Абай мен Масаншы көшелерінің қиылысындағы теміржол ауруханасын қалпына келтірген дұрыс сияқты. "Совмин" ауруханасының іші де, сырты да керемет. Оны жоюдың мәні неде?" – жазды деп жазды тағы бір қолданушы.

Ескі корпустар шынымен сүріледі
Госпиталь өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне ескі ғимараттардың бір бөлігін бұзу жоспарланғанын, ал олардың орнына кезең-кезеңімен жаңа медициналық корпустар салынатынын растады.
Бұл шешім 1950–1970 жылдары салынған ғимараттардың тозуымен түсіндірілді.

"Техникалық тексеру нәтижелері бойынша 1950–1970 жылдары салынған кейбір ғимараттардың физикалық тозу деңгейі жоғары екені және қазіргі қауіпсіздік талаптарына, сейсмикалық төзімділікке және емдеу процесін ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды", – деп хабарлады Ұлттық госпиталь өкілдері.

Мамандар қабырғалардағы жарықтарды, инженерлік желілердің тозуын және басқа да ақауларды анықтаған. Сонымен қатар кейбір корпустарда 2024 жылғы жер сілкіністерінен кейін зақымданулар тіркелген.
Сондықтан госпиталь кешенді жаңарту туралы шешім қабылдады: ескі корпустардың бір бөлігі жаңасымен алмастырылып, сонымен бірге инфрақұрылым жаңғыртылады.
Корпустардың бірі сақталады
Дегенмен "Совминка" толығымен бұзылмайды. Байсейітова көшесіндегі алты қабатты ғимарат сақтап қалынады.
Сондай-ақ госпитальдағылар сүрілуге тиіс корпустардың республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне кірмейтінін нақтылады.
Дәрігерлер мен емделушілердің жағдайы не болмақ?
Құрылыс кезінде госпиталь толық жабылмайды. Ол емделушілерді қабылдауды жалғастырады, ал бөлімшелерді басқа медициналық ұйымдарға көшіру жоспарланбаған.

"Барлық іс-шара "Совминканың" жұмысын толық тоқтатпай жүргізіледі. Бейіндік бөлімшелерді басқа медициналық ұйымдарға ауыстыру жоспарда жоқ. Ұжым толық құрамда сақталады, ал қолданыстағы жарамды медициналық жабдықтар медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланыла береді", - деп хабарлады госпиталь.

Жұмыстар қашан аяқталады?
Жұмыстар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында басталды. Бірінші кезеңді 2028 жылы, ал жобаны толығымен 2029 жылы аяқтау жоспарланған.

"Іске асырылып жатқан шаралар емделушілер мен медициналық қызметкерлер үшін жайлылық деңгейін арттыруға, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ отандық денсаулық сақтау саласын қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Жобаның бас мердігері – B&A Contractors SA компаниясы.
Жер тұрғын үй кешені үшін берілмейді?
Госпиталь өкілдері "Совминканың" жері тұрғын үй немесе коммерциялық құрылысқа берілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты арнайы түсініктеме берді. Баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ұлттық госпитальдың жер телімдерін тұрғын үй немесе коммерциялық құрылысқа беру туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Қазір "Совминка" аумағында не болып жатыр?
Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық госпиталь аумағына барып қайтты. Қазір кешеннің едәуір бөлігі құрылыс қоршауымен жабылған. Ол Жамбыл және Байсейітова көшелерінің қиылысынан Байсейітова – Шевченко бағытына дейін, одан кейін Шевченко бойымен Панфилов көшесіне дейін созылып жатыр.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы. Фото: Tengrinews.kz
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы. Фото: Tengrinews.kz
Қоршаудың ішінде жұмыс жүріп жатыр – аумақтан құрылыс техникасы мен құралдарының дыбысы естіледі. Алайда құрылыс алаңын сырттан көру мүмкін емес: ол биік металл конструкциялармен толық қоршалған.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі. Фото: Tengrinews.kz
Қоршауға болашақ кешеннің рендерлері орналастырылған.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің рендері. Фото: Tengrinews.kz
Бас кіреберістің қасына нысан паспорты орнатылды. Онда мұнда "300 төсектік Ұлттық госпиталь мен ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылысы және қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялау" жүріп жатқаны көрсетілген.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ұлттық госпиталі нысанының паспорты. Фото: Tengrinews.kz
Тек Байсейітова көшесіндегі көпқабатты корпус қана қоршалмаған. Бұл Ұлттық госпитальдің жауабына сәйкес бұзылмайтын сол алты қабатты ғимарат болуы мүмкін.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі. Фото: Tengrinews.kz
Анықтама: Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі 1929 жылдан бастап жұмыс істейді. 2023 жылдың тамыз айына дейін мекеме Орталық клиникалық аурухана деп аталды. Кейіннен ол Ұлттық госпиталь болып қайта аталды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net