Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Күш пен сұлулық“: қазақстандық чемпионның суреттері желі қолданушыларын тәнті етті

0
Қазақстанның Паралимпиада комитеті спортшылардың қатысуымен өткен ерекше фотосессияның кадрларын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары фотографтың арқасында паралимпиадашылардың жаңа қырынан танылғанына тәнті болған, деп хабарлайды Tengri Sport.
Түсірілімге 12 паралимпиадашы қатысты, олардың арасында Париждегі жазғы Ойындардың чемпионы Ақмарал Науатбек те бар. Олардың барлығы қазан айында Жапонияда өтетін Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғайды.
Паралимпиада комитеті жариялаған суреттерде спортшылар үйреншікті спорттық киім мен құрал-саймандарды қазақтың ұлттық киім элементтерімен және ашық түстермен үйлестірген.
Париж Ойындарында ту ұстап шыққан мерген Севда Әлиева қолына тапаншамен бірге гүл ұстап тұрса, теннисші Айжан Бүтімбаеваның ракеткасына нағыз гүл шоғы жиналған.

"Бәрі қандай әдемі, жарайсыңдар, балалар мен фотограф, өте-өте тамаша";"Әдемі кадрлар, сұлу адамдар, керемет образдар";"Бұл өте керемет! Мұндай дүниелер әлемдік пабликтерде шығуға лайықты!";"Рухы мықты жандар";"Суреттер от екен, балалардың да екпіні мықты", - деп пікір қалдыруда әлеуметтік желі қолданушылары.

Фото: Қазақстан Паралимпиада комитеті/ Аян Несіпбеков
Көпшілік мұндай суреттерді түсіру үшін фотографтың ерекше шеберлігі қажет екенін айтып жатыр. Ерекше кадрлардың авторы – Аян Несіпбеков.

"Аян үздік!"; "Аян – сиқыршы";"Керемет фотограф пен мықты адамдар біріккенде, нәтижесі таңғалдырмай қоймайды", - деп жазады олар.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ayan Nessipbekov (@aianskiy) жарияланымы


"Біздің қолымыздан келген сияқты": сиқыршы-фотограф ерекше фотосессия туралы
Біз Аян Несіпбековпен байланысып, фотосессия идеясы қалай туындағанын және параспортшылармен жұмыс істеудің қандай ерекшеліктері болғанын білдік.
Оның айтуынша, жоба идеясы Паралимпиада комитетіне тиесілі және ол үшін мұндай коллаборацияның бір бөлігі болу өте маңызды.

- Мен спортты түсіріп жүргеніме көп болды. Осы жылдар ішінде менің объективіме футбол, теннис, жекпе-жек, ұлттық ат спорты, тіпті "Формула-1" жарыстары мен басқа да көптеген дода ілікті. Қазақстандық параспортшылармен бұған дейін де жұмыс бабымен жанама түрде кездесіп, олардың өнерлері мен нәтижелерін бақылап жүретінмін. Әр кез олардың қайсар мінезі мен жетістіктеріне шын жүректен тәнті болатынмын, - деді Аян.

- Кадрдағы спортшылармен жұмысты қалай үйлестірдіңіз және көрерменнің назарын не нәрсеге аудартқыңыз келді?

- Бұл түсірілімде мен ең алдымен әр кейіпкерді адам ретінде – оның көзқарасы, мінезі, көңіл күйі және кадрда өзін қалай сезінетіні арқылы ашқым келді. Артық акцентсіз, бір нәрсені әдейі айқындауға немесе, керісінше, жасыруға тырыспадым.Мен үшін әркімнің камера алдында өзін жайлы әрі еркін сезінуі, өз қалпында қалуы маңызды болды. Ал фотограф ретіндегі менің міндетім – сол сәтті көріп, оны кадрда сақтап қалу. Меніңше, біздің қолымыздан келді. Нәтижесінде әр кейіпкер әртүрлі, шынайы және өзіндік мінезімен шықты, - деп есептейді ол.

Суреттердегі гүлдер мен спортшылардың киімі ерекше назар аудартады – бұл стилистер Биғали Жібек пен Жұмабек Сабыржанның идеясы.

"Олар спорттық түсірілім туралы қалыптасқан түсініктен арылып, кадрларға түс, фактура мен көңіл күй қосуға көмектесті. Гүлді детальдар образдардағы ұлттық мотивтермен үйлесім тауып, әр портретті даралай түсті.Образдарды жасауға көптеген қазақстандық бренд де қолдау көрсетті. Гүлдердің, фактуралардың және ұлттық мотивтердің арқасында әр образдың өз көңіл-күйі пайда болды. Бұл түсірілімді жай ғана спорттық хикая емес, тұтас визуалды жобаға айналдыруға көмектесті", - дейді Несіпбеков.

Фотосессияның әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы танымалдылығына келетін болсақ, суреттер авторы ол үшін кадрлардың кейіпкерлердің өздеріне ұнағаны маңыздырақ екенін атап өтті.

"Бұл жобаны жоғары бағалағандардың бәріне үлкен рахмет. Осындай жақсы пікірлер алу және біздің жұмысымыздың қазақстандықтардың жүрегіне жол тапқанын көру өте жағымды. Бірақ, шынымды айтсам, мен үшін спортшылардың өздерінің реакциясы ерекше маңызды. Олар кадрдағы өз бейнелері, идея мен нәтиже ұнағанын жазғанда – бұл осы түсірілім үшін ең құнды баға шығар.Демек, біз бәрін жоспарлағандай жасай алдық. Ал енді Ойындардан келетін суреттерді күтеміз – олардың мүмкіндігінше көбінде спортшыларымыздың медальдары болса екен деймін. Әрқайсысына жанкүйер боламыз!" - деді фотограф.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Meta-ratings.kz (@metaratings.kz) жарияланымы


Еске сала кетейік, Параазия ойындарының басталуына 50 күн қалды – олар 2026 жылдың 18-24 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін қысқы Паралимпиаданың тарихи алтынынан кейін шаңғышы әрі биатлоншы Ербол Хамитов SauBall басылымына көлемді сұхбат берген болатын.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net