Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

АҚШ 100-ге жуық Иран нысанына соққы жасады, ал Иран зымырандармен жауап қайтарды - БАҚ

0
АҚШ ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, америкалық әскерилер бірқатар соққылар аясында Иранның екі танкеріне шабуыл жасады. Сейсенбі күні Ирандағы барлығы жүзге жуық нысан соққыға жығылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Axios басылымына сілтеме жасап.
Бұл – америкалық әскерилердің Иран танкерлеріне теңіз қоршауын бұзуына жол бермеу үшін емес, Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде алғаш рет соққы беруі.
АҚШ өкілі бұл қадамның президент Трамп мақұлдаған "танкерге танкер" жаңа саясатының бір бөлігі екенін атап өтті. Бұл шара Иранның бұғаз арқылы өтетін танкерлерге жасалатын шабуылдарын одан әрі тежеуге бағытталған.


Америкалық шенеуніктердің айтуынша, сейсенбі күні АҚШ Ислам революциясы сақшылар корпусымен (ИРСК) байланысты 100-ге жуық нысанға шабуыл жасады. Ақ үй мен АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұл соққылар ИРСК-ның Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне және өңірдегі америкалық базаларға жасаған соңғы шабуыл әрекеттеріне жауап екенін баса айтты.
Centcom мәліметінше, нысандар арасында ИРСК-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, радиолокациялық жүйелер, мина қондырғылары, байланыс тораптары, кемеге қарсы қанатты зымырандар мен соққы беруші дрондардың ұшыру қондырғылары бар.
Америкалық шенеуніктердің сөзінше, Иранның жауап қайтару әрекеттері сәтсіз аяқталған. Иран 25-ке жуық баллистикалық зымыран ұшырды, оның тек жартысы Иорданияның әуе кеңістігіне жетті; он зымыран атып түсіріліп, үшеуі құлағанымен, ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ Иран Бахрейндегі АҚШ базаларына екі ондыққа жуық дрон жіберді, олардың көпшілігі ұсталды. Кувейттегі АҚШ базаларына баллистикалық зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасалды, ал Ербилдегі (Ирактың Күрдістан аймағы) базаға бағытталған екі дрон атып түсірілген.
Иран БАҚ-тары өз кезегінде Иордания, Бахрейн және Ирактағы америкалық базалардағы қоймаларға соққы жасалғанын және Бағдат Трамптың Иранға "қатал" соққы жасау туралы қорқытуына және АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің Вашингтон жаңа санкциялар енгізетіні туралы ескертуіне қарамастан, Парсы шығанағынан мұнай экспортына рұқсат бермейтінін хабарлады.
Ирандық БАҚ америкалық соққылардың бірі Кухестак қаласындағы үйлену тойына тиіп, кем дегенде төрт адам қаза тауып, 35-і жараланғанын мәлімдеді. АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі бұны жоққа шығарып: "Ислам революциясы сақшылар корпусынан айырмашылығы, америкалық әскерилер ешқашан бейбіт тұрғындарға соққы жасамайды", - деп атап өтті.
Axios мәліметінше, АҚШ соққылары Дональд Трамп әкімшілігі мен оның жоғары лауазымды көмекшілері Иранның Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуыл жасауға арналған радиолокациялық және зымырандық мүмкіндіктерін қалпына келтіруге кедергі келтіру үшін соңғы күндері қарастырған жоспарына сәйкес келеді.
Соққылар алмасуы аясында америкалық күштер кемелерді бұғаз арқылы өткізуді жалғастырды: АҚШ өкілі сейсенбіде миллиондаған баррель мұнай тасымалдаған 40-қа жуық кеменің транзитпен өткенін хабарлады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net