Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Август
2026

Қызылорда облысында жыл басынан бері 88 мыңнан астам ағаш көшеті егілді

0

Сыр өңірі соңғы жылдары тазалық пен абаттандыруды күнделікті мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналдырып келеді. Бұған Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды жұмыстар айқын дәлел.
Жыл басынан бері тазалық акцияларына 265 мыңнан астам ерікті мен аймақ тұрғыны қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосты.

Сандарды сөйлетсек, есепті кезеңде Сыр өңірінде 510 саябақ пен сквер, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1019 әлеуметтік нысан, 1447 өнеркәсіптік нысан мен кәсіпорын, 332 су шаруашылығы нысаны, сондай-ақ 18 883 көше мен аула тазартылды. Ауқымды жұмыстарға 548 арнайы техника жұмылдырылды.
Тазалықпен қатар, өңірде көгалдандыру мен абаттандыруға да айрықша мән берілуде. Биыл облыстың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне бейімделген 88 567 көшет отырғызылды. Оның қатарында қарағаш, терек, Сыр талы және өзге де ағаш түрлері бар. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында облыс көлемінде "Мөлдір бұлақ", "Таза қала", "Жасыл желек", "Тағзым орны таза болсын", "Рух пен тазалық – егіз ұғым" сынды ауқымды акциялар ұйымдастырылды. Оларға 50 мыңға жуық облыс тұрғыны қатысып, бұлақтар мен су айдындарының жағалауларын, тарихи орындар мен зираттарды, саябақтар мен аулаларды тазалауға, көшет отырғызуға және тұрмыстық қалдықтарды шығаруға атсалысты.

Кезінде қуаң даланың табиғатына бейімделген Сыр өңірінің бүгінде жасыл желекке бөленуі – туған жерге деген жанашырлықтың және жүйелі абаттандыру жұмыстарының нәтижесі.
Әсіресе, Қызылорда қаласындағы қайта жаңғыртудан өткен Президент саябағының жаңа кейіпке енуі көңіл қуантады. Саябақ аумағындағы Ботаникалық бақ та шаһардың жасыл тынысына айналып, қала тұрғындары үшін көрікті демалыс орны бола түсті. Мұнда бірнеше мемлекеттен арнайы әкелінген 92 түрлі 3300-ден астам экзотикалық және тропикалық өсімдіктер бар.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жастардың орны бөлек. Соның бір дәлелі – "Жасыл ел" еңбек жасағы. Маусым-тамыз айларында 16-35 жас аралығындағы 1200 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, туған өлкені көркейту ісіне белсене қатысты.

Ауыл жастарын еңбекке баулуға бағытталған "Жастар еңбек бригадалары" жобасы да нәтижелі жүзеге асуда. Бүгінде облыста 30 еңбек бригадасы құрылып, оған мыңға жуық жас тартылған.
Мұның бәрі – ортақ іске жұмылған елдің еңбегі. Әсіресе ерікті жастардың белсенділігі қуантады. Бүгінде облыста 2 мыңнан астам волонтер, 30-ға жуық волонтерлік топ қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысып келеді.

Айта кетейік, Қызылорда еліміздегі ең таза өңірлердің қатарында.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net