Астанада автомобильдерге қатысты жаңа шектеу енгізілді
Астанада жүргізушілерге арналған жаңа ережелер күшіне енді. 10 тамыздан бастап транзиттік ауыр жүк көліктерінің елордаға кіруіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Елорда әкімдігі транзиттік көлік қозғалысының схемасын өзгертті. Осы сәттен бастап қала арқылы транзитпен өтетін жүк көліктері Астананың айналма жолына бағытталады.
Транзиттік автокөлік қозғалысының схемасы мен тәртібі
Жаңа ережелер әкімдіктің 27 шілдедегі қаулысымен бекітілді. Құжат бүгін, 10 тамызда күшіне енді.
Айта кететін жайт, қарапайым жеңіл автокөліктер үшін ештеңе өзгермейді - қолданыстағы заңнамада олардың қала ішінде жүруіне ешқандай шектеу қарастырылмаған.
