Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2026

Астананың сол жағалауындағы үйлерде интернет өшіп қалды: не болды?

0
Астананың сол жағалауындағы тұрғындар "Қазақтелеком" операторы ұсынатын интернет пен үй телефоны байланысының жоқтығына жаппай шағымданып жатыр. Компания іркіліс себебін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Байланысқа не болды?
Tengrinews.kz редакциясына әртүрлі тұрғын үй кешенінде тұратын астаналықтардан көптеген хабарлама түсіп жатыр.
Қала тұрғындарының айтуынша, тұтас кіреберіс пен үйлер желіге қосыла алмай отыр, ал провайдердің колл-орталығына хабарласу өте қиын.

"Қазақтелекомның" бүкіл сол жағалауы дерлік істемей тұр. Апат болған", – деп жазады оқырмандар.
"11-кіреберісте интернет толығымен жоқ. Кіреберістегі жер жұмыстары кезінде кабельді зақымдап алған сияқты. Бүкіл ТК бойынша байланыс жоқ", – деп бөлісті елорда тұрғындарының бірі.


"Қазақтелеком" іркіліс себебін атады
"Қазақтелеком" іркіліс дерегін растады. Ондағылар компания кабелін "бөгде ұйым" зақымдағанын айтты.

"21 шілдеде күндіз Алматы мен Ақмешіт көшелері қиылысында (Сауран көшесі, 12 ауданында), бөгде ЖШС көлденең-бағытталған бұрғылау әдісімен жер жұмыстарын жүргізу кезінде АТС-40 қызмет көрсету аймағына жататын түрлі сыйымдылықтағы 25 оптикалық кабельді зақымдады", – деп хабарлады "Қазақтелеком".

Компания өкілдері оқиға орнында апаттық бригадалар жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Зақымдану көлемінің үлкендігі мен жөндеу жұмыстарының күрделілігіне байланысты байланыс кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі.
Абоненттерді толықтай қосу сағат 23:00-ге дейін жоспарланған.
"Қазақтелеком" мұндай жағдайлар жиі, әсіресе жазда қайталанатынын атап өтті. Көбінесе кабельдер жер және құрылыс жұмыстары кезінде зақымдалады. Компания мәліметінше, мердігерлер жұмысты келіспестен және байланыс желілерінің қайда өтетінін анықтамастан, бұрғылау немесе коммуникация тарту жұмыстарын бастап кетеді.
Бұған дейін біз мобильді байланыс пен интернет сапасының нашарлауына сертификатталмаған сигнал күшейткіштер (репитерлер) себеп болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәліметінше, мұндай құрылғылар базалық станцияларға кедергі келтіреді. Соның салдарынан байланыс сапасы құрылғы иелерінде ғана емес, көршілерінде де нашарлауы мүмкін.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net