Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

БАҚ: АҚШ пен Иран осы аптада келіссөзге қайта оралуы мүмкін

0

АҚШ пен Иран делегациялары осы аптада Пәкістан астанасы Исламабадта келіссөзді қайта жалғастыруы мүмкін. Мұндай ақпараты келіссөз барысынан хабардар бес дереккөзіне сүйеніп Reuters агенттігі хабарлады. Оның мәліметінше, 11 сәуірдегі 21 сағатқа созылған тікелей кездесуде екі тарап мәмілеге келе алмағанымен, дипломатиялық арна толық жабылмаған. Атысты тоқтату туралы уақытша бітім мерзімі 21 сәуірде аяқталады.

Өткен демалыс күндері Исламабадта өткен жоғары деңгейдегі тікелей келіссөз — 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі Вашингтон мен Тегеран арасындағы ең маңызды бетпе-бет кездесу болды. Келіссөз аяқталғаннан кейін екі тарап та келісімге қол жеткізілмегенін мәлімдеді. Соған қарамастан, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс кездесуді "жалпы алғанда позитивті" деп бағалап, "айтарлықтай ілгерілеу болғанын" айтты. Оның сөзінше, ендігі қадам Тегеранның икемділік танытуына байланысты болмақ.

Келіссөз тұйыққа тірелгеннен кейін АҚШ Иранға қарсы теңіз құрсауын жариялап, қысымды күшейтті. Президент Дональд Трамп теңіз құрсауын бұзған кез-келген кеме жойылады деп ескертті. Соған қарамастан, әзірге Иран аумағына да, Иран тарапынан көрші елдерге де шабуылдар жасалған жоқ, бұл – бітім формалды түрде сақталып отырғанын көрсетеді.

Агенттік дереккөздері Пәкістан, Түркия мен Египет АҚШ пен Иранды келіссөзге оралуға көндіруге тырысып жатқанын айтқан.

AFP агенттігі Пәкістан билігіндегі дереккөздерге сүйеніп, Исламабад екі тарапты келіссөздерді жалғастыруға талпынып жатқанын, алайда кездесу орны өзгеруі, сонымен бірге, тараптарға көбірек уақыт беру мақсатында бітім мерзімі ұзартылауы мүмкін деп жазды.

Бейбіт келіссөз қайта жалғасуы мүмкін деген үміт пайда болған шақта сейсенбі күні таңертең мұнай бағасы ақырындап түсті.

АҚШ пен Иран делегациялары Исламабадтағы тікелей келіссөзде мәмілеге келе алмаған негізгі мәселе – Тегеранның ядролық бағдарламасы болды. The New York Times басылымы дереккөздеріне сүйеніп, АҚШ Иранға уранды байыту жұмыстарын 20 жылға "тоқтата тұруды" ұсынған деп жазды. Иран мораторий мерзімі 5 жыл болсын деген.

Бұл ақпаратты ресми түрде растаған ешкім болған жоқ. Президент Трамп The New York Times АҚШ пен Израиль 28 ақпанда бірге бастаған операция нәтижесінде Иран жеңілген жоқ деген әсер қалдыруды көздеп "жалған жаңалық" таратты деп жазды әлеуметтік желіде.

Дипломатиялық талпыныстар жалғасып жатқанымен, сарапшылар бітім мерзімі аяқталатын 21 сәуір жақындаған сайын екінші раундтың Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің қайта тұтану-тынбауына тікелей әсер ететінін атап отыр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net