Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Салдары ауқымды“: Иран президенті Ормуз бұғазын бұғаттау туралы

0

Иран президенті Масуд Пезешкиан Ормуз бұғазындағы америкалық қауіп-қатер әлемдік саудаға кері әсерін тигізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы Пезешкиан Франция көшбасшысы Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты, бұл туралы Иран президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Осы өңірдің қауіпсіздігіне төнетін кез келген қауіп-қатер әлемдік сауда үшін ауқымды салдарға әкеп соғады", - деп материалда Пезешкианның сөзі келтірілген.

Ол Иранның Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты кез келген сценарийге дайын екенін айтты.
Сонымен қатар Пезешкиан Макронмен Исламабадта АҚШ-пен өткен келіссөздерді талқылағаны хабарланды. Ол сарапшылар деңгейінде елдердің өзара түсіністікке қол жеткізе алғанын, бірақ "АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының саяси ерік-жігерінің жоқтығы уағдаластық жөніндегі жұмысты аяқтауға кедергі болғанын" мәлімдеді.
Бұдан бөлек, президент Иранның ядролық құжаттамасына тоқталып, Тегеранның бұл мәселені талқылауды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Өткен демалыс күндері Пәкістанда өткен екі ел келіссөздерінің қорытындысы бойынша Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Багаи делегациялардың бірнеше негізгі тақырыпқа қатысты ортақ мәмілеге келе алмағанын атап өтті.
Reuters агенттігінің мәліметінше, тараптар Ормуз бұғазы, ядролық тақырып, репарация, санкциялар мен қақтығысты тоқтату мәселелерін талқылаған. Бұған дейін болашақ келісім негізіне Ислам Республикасының он тармақтан тұратын жоспары алынуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Дүйсенбі, 13 сәуірде АҚШ-тың Иран порттары мен жағалау маңындағы аудандарға бет алған, сондай-ақ одан шығатын барлық кемеге қатысты әскери-теңіз блокадасы күшіне енді. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға сес көрсетіп, оны бұзып өтуге тырысқан кез келген ирандық кемелердің дереу жойылатынын ескертті.
Сондай-ақ америкалық көшбасшы оған Ираннан Вашингтонмен келіссөздердің жаңа кезеңіне мүдделі "тиісті адамдардың" қоңырау шалғанын айтты. Бұл ретте ол бұған Құрама Штаттар келісетін-келіспейтінін хабарлаудан бас тартты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net