Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Адам өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кеткен: сотталушы ақыл-есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін

0

Астанада прокурор бірге тұратын әйелін өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кеткен ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберуді сұрады. Істі экс-министр Қуандық Бишімбаевтың атышулы сотын жүргізген судья Айжан Құлбаева қарап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырыс жәбірленуші тарап адвокаттарының өтінішхаттарымен басталды.
Қорғаушылар сотталушының қылмыс жасаған сәттегі ақыл-есіне қатысты қайта зерттеу тағайындауды талап етті.
Судья Айжан Құлбаева жәбірленуші тарап адвокаттарының бірнеше өтінішхатын қабылдамай, кейін сот жарыссөзіне көшетінін жариялады.
Сот залы / Фото © Tengrinews.kz
Судья Айжан Құлбаева / Фото © Tengrinews.kz
Прокурордың ұстанымы
Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Азат Барболов сөз сөйледі. Прокурордың айтуынша, сотталушының аса қатыгездікпен адам өлтірген кінәсі дәлелденген, алайда қылмыс жасаған сәтте ол психикалық ауытқуына байланысты өз іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілігін сезінбеген.
Прокурор Азат Барболов / Фото © Tengrinews.kz
Осыған байланысты прокурор соттан сотталушы Иманқұловты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды және оған қарқынды бақылау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу шарасын тағайындауды сұрады.

"Соттан Иманқұловқа қатысты қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, қарқынды бақылау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұраймын", - деді прокурор сотта.

Сондай-ақ айыптау тарапы қаулы заңды күшіне енгенге дейін сотталушыны қатаң оқшаулау жағдайында психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымда қалдыруды сұрады.
Марқұмның әпкесі не дейді?
Марқұмның әпкесі Алуа Сайдалина отбасының сот барысымен келіспейтінін және қайта сараптама жүргізуге, істі қосымша тергеуге әрі әділ жазаға қол жеткізуге тырысатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жәбірленуші тарап жарыссөзге дайын болмаған, өйткені олар өтінішхаттардың қаралуын, жауап алуды және мамандарды тартуды күткен.
Сондай-ақ ол істе әлі де күмәнді тұстар көп деп есептейді, соның ішінде қылмыстың себебі мен басқа да жағдайлары толық зерттелмеген.
Марқұмның әпкесі Алуа Сайдалина / Фото © Tengrinews.kz
Ол айыпталушы тараптың қайта сараптама жүргізуге қарсы болған ұстанымына қатысты жеке тоқталды. Сайдалинаның айтуынша, егер диагнозы расымен бар болса және жаңа сараптама оны растайтын болса, қорғаушылардың неге жаңа зерттеуге қарсы екенін тікелей сұраған. Сонымен қатар ол алған бетінен қайтпайтынын және соңына дейін әділдікке жететінін айтты.

"Отырыстан кейін маған 9-10 айдың ішінде алғаш рет сотталушының ағасы келіп, кешірім сұрады. Мен одан неге қайта сараптамаға соншалықты қарсы екенін сұрадым: егер сотталушыда расымен диагноз болса, келесі сараптама оны тек растай түседі емес пе?
Мен оған ашық айттым: ол қалай ағасы болса, мен де солай әпкесімін. Мен өз сіңлім үшін берілмеймін және соңына дейін әділдікке жетемін. Бірақ, шынымды айтсам, бұл кешірім сөзі маған әсер етпеді. Бұл біз оны жай ғана жалынып сұрап алғандай естілді", - деді Алуа Сайдалина.

Сайдалина өзіне тек соттың әділ шешімі маңызды екенін атап өтті.

"Қазір сіңлімнің балалары туыстарының қасында, оларға ешкім анасын алмастыра алмайды. Біз әділдік үшін, соның ішінде балалар үшін де күресіп жатырмыз, олар мұндай қылмыс үшін жазалануға тиіс екенін білуі керек", - деп түйіндеді ол.

Не болды?
37 жастағы ер адамға бірге тұрған әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған. Қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 маусымда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Тергеу нұсқасы бойынша, азаматтық некеде болған екеуі арасында жанжал шығып, салдарынан ер адам әйелге пышақ сұққан. Содан кейін 25-қабаттан секіріп кетіп, тұрақта тұрған көліктің үстіне құлаған. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.
Қылмыстық іс аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша тергелген.
Қазіргі уақытта сот тек айыптау фактісін ғана емес, сонымен қатар айыпталушының ақыл-есі дұрыстығы мәселесін де талқылап жатыр.
Әңгіме Иманқұловтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы немесе мәжбүрлі түрде емдеу шараларын қолдану арқылы одан босатылуы мүмкіндігі туралы болып отыр. Сотталушы қорғаушыларының негізгі уәжі - 2025 жылғы 26 желтоқсандағы кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Асылбек Исмағамбетовтің айтуынша, сарапшылар сотталушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуға жатпайды деген тоқтамға келген.
Жәбірленуші тарап соңғы сараптама қорытындысымен келіспейді және қайта зерттеуді талап етіп отыр. Сотта бұған дейінгі екі сараптама ақыл-есі дұрыс еместігі туралы нақты жауап бермегені, алайда үшіншісі бұлтартпас қорытындыға келгені айтылды.
Сонымен қатар жәбірленуші тарап айыпталушының ақыл-есі дұрыс еместігі туралы қорытынды оның құлаған кезде алған ауыр бас-сүйек жарақатынан кейінгі жағдайын ескере отырып жасалуы мүмкін екенін алға тартады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net