Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Блогер Ерболат Жанәбілов сотта көз жасына ерік беріп, кінәсін ішінара мойындады

0

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп айыпталған блогер Ерболат Жанәбілов сотта кінәсін ішінара мойындады. Бүгін сот оның жауаптарын тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Отырыс барысында Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбіловтердің адвокаты Гауһар Айтжанова қорғалушысының ұстанымын нақтылап, оның кінәсін толық немесе ішінара мойындайтынын сұрады. Жанәбілов кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

"Мен кінәмді ішінара мойындаймын. 214-бап бойынша мойындаймын, ал 218-бап бойынша мойындай алмаймын. Әкімшілік сот болған кезде бізге ештеңені түсіндірмеді, мұның дұрыс емес екенін, ережені бұзу екенін айтқан жоқ. Бізге тек: "Қол қойма, ертең қылмыстық іс болады" деді. Десе де, Ойын бизнесін реттеу комитетінде болған кезімде біз қол қоюға дайын едік. Мұндай істің қылмыстық деңгейге дейін ушығып кететінін білген жоқпын", - деді ол.

Анықтама: Блогерлерге 214-бап ("Заңсыз кәсіпкерлік") және 218-бап ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)") бойынша айып тағылып отыр.
Сотталушы өз сөзінде болып жатқан жағдайдың өзіне ғана емес, отбасына да ауыр тиіп жатқанын эмоциямен жеткізді. Оның айтуынша, ата-аналары, егде жастағы туыстары мен жақындары қатты күйзеліске түскен. Олардың кейбірінің денсаулығы сыр берген.

"Өзімнің және жұбайымның бүкіл елге күлкі болғанын қаламаймын. Тек біз ғана емес, бүкіл әулетіміз, ата-анамыз қиналып жүр. Анам, әкем бар, апта сайын ауруханаға түсетін әжем бар", - деді блогер.

Ерболат Жанәбілов жауап беру кезінде көз жасына ерік берді. Сол сәтте сот залында отырған жұбайы Эльмира Төлегенова да жылап жіберді.

"Жұбайымның жалғыз әжесі ғана қалды, ол кісі мүгедек, дұрыс жүре алмайды, жүрегі ауырады, демікпесі бар, жүрек ауруы өте күрделі. Жұбайымның ата-анасы жоқ - тек бір әжесі бар. Егер ертең ол кісіге бірдеңе болса, оған кім жауап береді?", - деді Жанәбілов.

Сондай-ақ, сотталушы өзінің өмір жолы туралы айтып, қарапайым отбасынан шыққанын атап өтті.

"Мен байдың баласы емеспін. 18 жыл бойы 13 шаршы метрде 6 адам тұратын жатақханада өмір сүрдім. Жұбайыммен де сол жатақханада таныстым. Ештеңеміз болған жоқ, бұл жолды бірге бастадық. Ал қазір бізді білмеймін, әйтеуір бір кісі өлтіруші, қылмыскер, алаяқ қылып көрсетіп жатыр. Бізді қалай көрсеткілері келсе, солай көрсетті. Осы 7 ай бойы біз үндемедік. Өйткені мұның бәрі ішімде жиналып қалды", - деді Жанәбілов.

Жанәбіовтің айтуынша, ол жағдайдың неге мұндай деңгейге жеткенін және неге дәл олардың отбасы қылмыстық тергеу нысанына айналғанын түсінбейді.
"Мені әлдебір қылмыскер қылып қойды" - блогер Ерболат Жаңабылов сотта сөз сөйледі

"Неге дәл біз екенін түсіне алмаймын. Бұл аналарымыз бен ата-аналарымызға өте ауыр тиіп жатыр. Мүмкін біреудің жолын кескен шығармыз, білмеймін. Менің орнымда кез келген адам болуы мүмкін. Бүгін болмаса, ертең. Тіпті жауыма да мұндай жағдайды және сот алдында осылай тұруды тілемеймін", - деді ол.

Бұған дейін судья блогер Жанәбіловке ескерту жасаған болатын.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net