Феминизм деген не?
Феминизм ерлер мен әйелдердің құқықтарын бір деңгейде тұруын қолдайтын сенім. Феминизм сөзін алғаш рет 1837 жылы француз социологы Мари Шарль Фурье қолданған. Феминизм іс-әрекеттері 19-ыншы ғасырдың соңынан бастау алды. Феминизм қозғалысының уақытын төрт толқынға бөледі.
Бірінші толқын: 19 ғасырдың екінші жартысында әйелдердің дискриминацияға қарсы тұруынан бастау алды. Ең басында, әйелдер білім мәселесін көтерді. Кейінірек, реформаларға әйелдердің де құқығы бар екенін көрсетті. АҚШ пен Европа елдерінде әйлдерге жоғары оқу орнынан білім алу және жұмыс орындарына тұру деген сияқты құқықтар беріле бастады.
Екінші толқын: шамамен 1960-1990 жылдары болған. Бірінші толқын көбінесе заң процесстеріндегі дискриминацияға қарсы тұрса, екіншісі отбасындағы патриархат мәселесін және де әйелдің тек қана сексуалдық...
