Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Трамп Иранның Ормуз бұғазындағы әрекетіне наразы екенін айтты

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын қамтамасыз ету міндетін "өте нашар" орындап отыр деп мәлімдеді.

"Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнайдың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету міндетін өте нашар, кейбіреулер айтқандай, арсыз түрде орындап отыр. Бұл бізде бар келісім емес!", деп жазды ол Truth Social желісінде.

Тағы бір постында Трамп Тегеран бұғаздан өтетін танкерлерден ақы алып отыр деген хабарлар алғанын айтқан. "Олар [Иран билігі] бұлай жасамағаны жөн", ал егер солай істеп жатқан болса, "оны дереу тоқтатқаны дұрыс" болатынын ескерткен Трамп.

АҚШ пен Иран осы аптаның басында атысты 14 күнге тоқтатуға келіскенін жариялаған. Трамп Ормуз бұғазында кеме қатынасы қайта жанданған жағдайда Иранға шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген. Хабарларға қарағанда, Иран билігі бұғаздан өтетін кемелерге байланысты қосымша шарттар қойып отыр.

Атысты тоқтату шарттарына қатысты АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушіліктің тағы бір себебі — Ливанда Иранды қолдайтын шииттік "Хезболла" тобына (АҚШ пен Израиль террористік ұйым деп таныған, алайда Ливанда заңды саяси күш ретінде әрекет етеді) қарсы Израиль жүргізіп отырған әскери операция. Израиль бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптайтынын, алайда оның шарттары Ливанға жүрмейтінін және операция жалғасатынын айтқан. Тегеран АҚШ-қа егер Израиль "Хезболлаға" қарсы операцияны жалғастырса, атысты тоқтатудан бас тартуға дайын екенін жеткізген.

9 сәуірде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметке Ливанмен "мүмкіндігінше қысқа мерзімде" тікелей келіссөздер бастауды тапсырғаны белгілі болды. Хабарларға қарағанда, келіссөздер "Хезболланы" қарусыздандыру және Израиль мен Ливан арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталмақ. Ливан президенті Жозеф Аун "Ливандағы жағдайдың жалғыз шешімі — Израиль мен Ливан арасында атысты тоқтату, содан кейін тікелей келіссөздер" екенін мәлімдеді.

The Wall Street Journal америкалық шенеуніктің айтқанына сүйеніп, бұған дейін Трамп Нетаньяхумен телефонмен сөйлескенін жазды. АҚШ президенті Израильдің "Хезболладан" қорғану қажеттігін түсінетінін айтқанымен, Израиль Ливанға соққы қарқынын азайтып, бітімді қолдауы керек екенін жеткізген деп хабарлаған. Трамп атыс қимылдары бітімді бұзып, Ормуз бұғазын ашуға деген күш-жігерге зиян келтіруі мүмкін деп алаңдайды деген ол.

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз 11 сәуірде Пәкістан астанасында өтеді деп жоспарланған. Америкалық делегацияны вице-президент Джей Ди Вэнс басқарып бармақ. The Wall Street Journal дерегінше, Исламабадтағы келіссөз қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Келесі аптада Израиль мен Ливан өкілдері кездеседі деген хабар айтылған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net