Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда балаға паспортты қалай алуға болады: ата-аналар нені білуі керек?

0

Қазақстанда балаға паспортты туған сәттен бастап рәсімдеуге болады — құжат ата-анасының қалауы бойынша беріледі. Оны рәсімдеу тәртібі ІІМ бекіткен ережелермен реттеледі. Балалар паспортын қалай алуға болатыны туралы Tengrinews.kz тілшісі материалынан толық біле аласыз.
Паспорт - қалауыңызша, куәлік - міндеттіІшкі істер министрлігінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында Қазақстан азаматының негізгі құжаты жеке куәлік екені жазылған. Ал паспорт ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жеке басты және азаматтықты растайды. Осыған байланысты паспорт қалауы бойынша рәсімделеді. Бұл ретте оны бала туған сәттен бастап алуға болады.Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?
Кәмелетке толмаған балаға паспорт рәсімдеу үшін оның ата-анасы немесе заңды өкілдері (қорғаншылары, қамқоршылары) баламен бірге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жанындағы аумақтық полиция органдарына жүгінуі қажет.
Келесі құжаттар талап етіледі:

баланың туу туралы куәлігі (немесе оның цифрлық нұсқасы);ата-анасының бірінің жеке куәлігі (немесе цифрлық нұсқасы);жекелеген жағдайларда - екінші ата-анасы шетелдік болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі.

Рәсімдеу мерзімі мен ерекшеліктері
Паспортты дайындаудың стандартты мерзімі 15 жұмыс күні болады. Қажет болған жағдайда жеделдетілген қызмет түрін пайдалануға болады - 1 күннен 7 күнге дейін (өңірге байланысты ақылы негізде).2024 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорттар беріледі:

12 жасқа дейінгі балаларға - 5 жыл мерзімге;12-ден 16 жасқа дейінгі балаларға - 10 жылға.

36 және 48 беттік паспорттар тек 16 жастан бастап беріледі.
Балалар паспорты қанша тұрады?2026 жылы балалар паспортын рәсімдеу үшін мемлекеттік баж салығы 4 АЕК болады (2026 жылы 17 300 теңге).
Жекелеген санаттар, соның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығысыз қалған және интернаттарда тұратын балалар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар төлемнен босатылады.
Сұраныс артып келеді
Ведомство мәліметінше, кейінгі жылдары балалар паспортын рәсімдеуге деген сұраныс айтарлықтай артқан.2022 жылы 265 мыңнан астам құжат берілсе, 2023 жылы - шамамен 300 мың, ал 2024 жылы - 439 мыңнан астам құжат берілген. Мұндай өсім 16 жасқа дейінгі балаларға арналған жаңа форматтағы паспорттардың енгізілуімен байланысты.2025 жылы қазақстандықтар 307 мыңнан астам паспорт рәсімдесе, биылғы жылдың алғашқы үш айында — 53 мыңнан астам құжат берілді.2025 жылы ең көп өтінім Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарында тіркелген.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net