Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматы барахолкасындағы жанжал: 300-ден аса кәсіпкер контейнерден шығудан бас тартты

0
Алматыдағы барахолканың 300-ден аса саудагері жұмыссыз қалудан қорқады. Күні кеше оларға базардың жабылатыны кенеттен хабарланып, аумақты босату талап етілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Таңертең белгісіз тұлғалар қақпаны құлыптап тастаған. Кәсіпкерлер тіпті киім-кешек пен аяқ киімдерін де шығарып үлгермеген. Қазір базар аумағына кіру мүмкін емес. Қоршауда базар жұмысының тоқтатылғаны және демонтаж жүріп жатқаны туралы хабарландыру баннері ілулі тұр.
Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл базар ыңғайлы орналасуы мен жалдау ақысының арзандығына байланысты барлық саудагерлер үшін тиімді орын. Бизнесмендер бұл базарда 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Мұнда әйелдер, ерлер және балалар киімі мен аяқ киімдері сатылады. Әркім өз жұмыс орнын сақтап қалғысы келеді.
Кәсіпкерлердің сөзіне қарағанда, бұл орында сауда орталығын салу жоспарланған. Ал сатушыларға көрші базардағы шатырларға көшу ұсынылып отыр. Бірақ саудагерлер өз контейнерлерін тастап кетуден бас тартып отыр.

"Барлығының ипотекасы, бала-шағасы бар, күн көру үшін бірдеңе істеу керек. Шатырда қалай тұрмақпыз? Бұл дегеніңіз 90-жылдар ғой! Шатырда қалай сауда жасауға болады? Мұндай ұсынысты қабылдау мүмкін емес. Жалпы біз бұған қарсымыз. Бәріміз қарсымыз, солай емес пе?", - деді кәсіпкер Наргиз Мамедова.



"Шатырда қалай отырамыз? Үстел қойып қоямыз ба? Менің куртка толы контейнерім бар. Шатырға қалай сыймақпын? Бұл тіпті күлкілі жағдай", — деді Лариса Титова.


Әкімдіктегілер сатушылардың мұнда заңсыз сауда жасап жатқанын алға тартады. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, жалдау мерзімі осыдан сегіз жыл бұрын аяқталған. Жер телімі абаттандыру үшін мемлекет меншігіне өткен.

"Іс жүзінде бұл учаскеде рұқсат құжаттарынсыз, антисанитарлық жағдайда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып заңсыз базар жұмысын жалғастырып келеді. Оның бір бөлігі қойма ретінде пайдаланылса, бір бөлігі жабық тұр. 2023 жылы жер телімі абаттандыру үшін аудан әкімі аппаратына берілгеннен кейін, аумақты босату туралы жеке талап арыз берілді. Құқықтық аяда жұмыс істеуге дайын жандарға көрші базарлардан жеңілдік шарттарымен баламалы сауда орындары ұсынылады", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір шенеуніктер кәсіпкерлерге көрші базарлардан сауда орындарын ұсынып жатыр. Бірақ бизнесмендер контейнерлерін тастап кетуге келіспейді. Олар өзге базарларда жалдау ақысы тым жоғары екенін айтуда. Кәсіпкерлер қазірдің өзінде сотқа жүгінді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net