Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Күдікті Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханадан Алматыға жеткізілген

0

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қаза болуына қатысты тергеудің жаңа мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Неге күдікті Алматыға жіберілді?Өңірлік прокуратура мәліметінше, Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы сот сараптамасы институтына жіберілген.

"Мұқанғалиева стационарлық кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптама өткізу үшін Алматы бойынша сот сараптамасы институтына жіберілді. Оның қорытындысы әлі алынған жоқ", - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Бұған дейін күдікті сот санкциясымен Атырау облысындағы арнайы медициналық мекемеге орналастырылған болатын. Наурыздың соңында прокуратура өкілдері егер әйелден психикалық ауытқу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын түсіндірген еді.
Күдікті мәртебесіне қарамастан, Мұқанғалиеваға әзірге нақты айып тағылған жоқ және бұлтартпау шарасы таңдалмаған.

"Күдіктілердің іс-әрекетіне түпкілікті құқықтық баға істің барлық мән-жайы анықталып, тағайындалған сараптамалардың нәтижелері алынғаннан кейін беріледі", - делінген прокуратураның ресми сауалға берген жауабында.

8 сәуірде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мұқанғалиеваға қатысты сараптама тағайындауға оның мінез-құлқы негіз болғанын айтқан.

"Бізде тағайындауға негіз бар – бұған оның мінез-құлқы да, алғашқы айғақтары да себеп болды. Қазір біз осы сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдадық", – деді ол.

Негізгі күдікті қайда?
Негізгі күдікті – отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де тергеу кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындаған. Екі фигурант бойынша да қорытынды әлі дайын емес.

"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды (қорытындысы алынған жоқ)", - деп хабарлады прокуратура.

Алайда оның қай жерде сараптамадан өтіп жатқаны нақтыланбады.
Адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық: күйеу баласына қандай айып тағылып отыр?
Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылған:

99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";188-баптың 2-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";190-бап "Алаяқтық".

Прокуратура мәліметінше, ұрлық пен алаяқтық эпизодтары қаза тапқандардың жеке заттарын жымқыру және олардың малын заңсыз сату фактілерімен байланысты.
Отбасының өліміне қатысты іс
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жаппай өлтірілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. 2025 жылғы желтоқсанда туыстары зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Сол кездегі мәлімет бойынша, отбасы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері олардың қайда екені белгісіз болған.
Фото: полицияның баспасөз қызметіІздеуде төрт ересек адам болды:

66 жастағы Мақсот Қарабалин;64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина;32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев.

Әкесі мен анасының денесі қайдан табылды?
Кейін, 6 қаңтарда Жангелдин ауылында зейнеткер ерлі-зайыптының денесі табылды. Полиция мәйіттердің үй ауласындағы шаруашылық құрылыс астынан табылғанын хабарлады.

Ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімінен кейін бірден, 8 қаңтарда полиция іс бойынша негізгі күдіктіні жариялады. Ол отбасының 29 жастағы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев болып шықты. Оның отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кетіп қалғаны анықталды.
Ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Күдіктілер Индонезияда ұсталды24 ақпанда Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияның Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.

Келесі күні, 25 ақпанда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақбаян Мұқанғалиеваның да іс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.
Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері қайдан табылды?9 наурызда кешке күдікті ерлі-зайыптының Алматыға экстрадицияланғаны белгілі болды. Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың көмілген жерін көрсетті.
Ағалы-қарындастың мәйіттері Атырау іргесіндегі Геолог шағынауданынан табылды. Олар негізгі күдікті бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көмілген.11 наурызда Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында Наурыз бен Мейрамгүлді жерлеу рәсімі өтті.
Фотоны дереккөз арнайы Tengrinews.kz үшін ұсынды
Сол кезде қаза тапқан отбасының жақындары редакция тілшісіне Ақбаян Мұқанғалиеваның Атыраудағы психиатриялық мекемеге жіберілгенін хабарлаған еді.Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net