Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда ит иелеріне салық салу ұсынылды

0

Бүгін Мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға түзетулерді талқылау барысында ит иелеріне салық енгізу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұндай бастаманы депутат Магеррам Магеррамов көтерді. Мәжілісмен Еуропадағы бірқатар елде ит иелері жануарларды тіркеп, салық төлеуге міндетті екенін айтты.

"Германия, Нидерланд, Австрия, Чехия, Испания сияқты елдерде ит иелері үшін салық белгіленген. Салық сомасы иттің тұқымына қарай өзгеріп отырады. Мұндай нормалар азаматтарды тәртіпке келтіріп, жауапкершілікті арттырады және жергілікті бюджетті толтырады", - деді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, мұндай түзету 2024 жылы да ұсынылған, бірақ ол кезде қолдау таппады. Осыған байланысты Магеррамов: "Үкімет қазір Қазақстанда мұндай тәжірибені қарастыруға дайын ба?" деп сұрады.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бұл мәселені зерттеуге дайын екендіктерін айтты.

"Біз екінші оқылымға дейін жұмыс топтарында бұл ақпаратты зерттеуге дайынбыз. Халықтың пікірін ескере отырып, аталған мәселені қарастыруға әзірміз", - деді ол.

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов қазіргі уақытта тек үй жануарларын есепке алу мәселесі талқыланып жатқанын қоса кетті.

"Бүгінде үй жануарларын есепке алу қарастырылған. Жүйеде 241 мыңға жуық жануар тіркелген. Салық мәселесі әзірге көтерілген жоқ, бірақ депутаттар тарапынан ұсыныс түссе, біз оны қарастыруға дайынбыз", - деді шенеунік.

Ұсынылған өзгерістер
Бұған дейін Қазақстанда қаңғыбас жануарларға қатысты ережелерді өзгерту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын: Мәжілісте түзетулер талқыланып жатыр. Заңда жобасы қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің қазіргі тәсілін қайта қарау ұсынылады, өйткені депутаттардың бағалауынша, ол күткен нәтиже бермеді.
Атап айтқанда, қайтарымды аулаудан - яғни жануарларды ұрықсыздандырып, вакциналағаннан кейін қайтадан көшеге жіберуден бас тартып, қайтарымсыз аулауға көшу ұсынылып отыр.
Сондай-ақ түзетулер ауланған жануарларды уақытша ұстау пунктеріне міндетті түрде өткізуді, қаңғыбас жануарларды бюджет есебінен вакциналаудан бас тартып, эвтаназияны қолдану аясын кеңейтуді қарастырады.
Сонымен қатар құжат панажайлар мен ұстау пунктеріне қоғамдық бақылау енгізіп, әкімдіктердің өкілеттіктерін нақтылайды және үй жануарларын есепке алу, чиптеу, өсіру және ұстау талаптарын белгілейді.
Тағы оқыңыз: "Қазақстан Түркиядан үлгі алады" - қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешілмек?
Мән-жайы
Бұған дейін Қазақстанда иесіз жануарлар үшін "таймер" енгізу - панажайларда ұстаудың шектеулі мерзімін белгілеу ұсынылған болатын: қаңғыбас жануарлар үшін 5 күнге дейін және үй жануарлары үшін 60 күнге дейін. Егер осы уақыт ішінде оларды ешкім алмаса, эвтаназия жасауға болады.
Экология министрлігінің өкілдері мұндай шараларды қолданыстағы аулау – ұрықсыздандыру – вакциналау – босату жүйесінің тиімсіздігімен түсіндірді: олардың мәліметінше, жануарлар үйір болып жиналып, адамдарға қауіп төндіріп отыр.
Сондай-ақ түзетулер үй жануарларын міндетті түрде чиптеуді, қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды және оларды өсіруді реттеуді қарастырады.
Алайда қоғамның бір бөлігі бұған қарсы шығып отыр. Жануарларды қорғаушылар мұндай шаралар іс жүзінде жануарларды жаппай қыруды заңдастырады деп есептейді және оның орнына панажайлар желісін дамытып, иелеріне бақылауды күшейтуді және жүйелі профилактика жүргізуді ұсынады.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң 2021 жылы қабылданған болатын, алайда сарапшылар мен қоғам белсенділерінің пікірінше, оның көптеген нормасы әлі күнге дейін толық жұмыс істемей тұр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net