Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: оқиға орнында не болып жатыр?
Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратының маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аумақты полиция қоршауға алды, оқиға орнына әскери қызметшілер келіп, сап түзеп тұр.Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігі жабылған, қозғалысқа тек қоғамдық көліктер үшін рұқсат берілген.
Фото Tengrinews.kz
Аумаққа ешкімді өткізбейді, қала тұрғындары оқиғаны сырттан бақылап тұр.
Фото Tengrinews.kz
Аспанға көтерілген қою қара түтін желмен жан-жаққа тарап жатыр.
Фото Tengrinews.kzӘкімдік баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт орнында екі "103" бригадасы жұмыс істеп жатыр. Медициналық көмекке жүгінгендер мен зардап шеккендер туралы дерек тіркелген жоқ.
Еске сала кетейік, облыстық әкімдік ғимараты сейсенбі күні кешке өртенді.
Оқиға орнына бес минут ішінде ТЖД күштері мен құралдары келіп, адамдарды эвакуациялаған. Алғашқы бөлімшелер келген бойда ашық жалынды анықтады. Өртсөндірушілер шақырудың жоғарылатылған дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатқаны, өрттің аумағы нақтыланып жатқаны түсіндірілді.
ТЖМ оқиға орнында жедел штаб құрылғанын хабарлады.
