Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Видео көргені үшін ақша уәде еткен - Алматыда ерекше пирамида әшкереленді

0

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы бойынша департаменті "NBC TV" қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
2025 жылы күдікті "www.nbcms.com" интернет-ресурсы мен WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тарта отырып, онлайн инвестициялық жоба ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Мессенджердегі чаттарда 200-ден астам адам болған ("Дискуссионная группа NBC Charlotte", "NBCUniversal Media LLC" және басқалары).
Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді (фильм трейлерлерін) қарағаны үшін табыс табу сылтауымен қаражат салу ұсынылған.

Жобаға қатысу үшін құны 11 мыңнан 160 мың теңгеге дейінгі инвестициялық пакеттерді сатып алу арқылы ақша салу талап етілген.

"Бұл ретте тәулігіне 5-10 пайызға дейін (айына 150 пайыздан астам) табыс уәде етілген, ал мұндай төлемдер тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тартылған адамдар салымынан 10 пайызға дейін сыйақы төленетін рефералдық жүйе, сондай-ақ екінші және үшінші деңгейдегі қатысушылар үшін қосымша бонустар қарастырылған", - деп хабарлады ведомство.

Заңды қызмет көрінісін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама таратып, жалған құжаттарды жариялаған, жасанды табыс көрсеткіштерін көрсетіп, блогерлерді тартқан және тақырыптық чаттарды жүргізген.
Қаражат жеке тұлғалардың шоттарына қабылданып, кейін Р2Р операциялары арқылы криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға жіберілген.
Қылмыстық іс
Сот санкциясымен 1 057 599 USDT (Tether) көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынды, бұл шамамен 528,5 миллион теңге болады.
Күдіктіге қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға қаражат салмас бұрын жоба туралы ұсынылған ақпаратты мұқият зерделеуді, компанияның ресми тіркелуін, қызметінің құқықтық мәртебесін және қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруді, сондай-ақ уәде етілген табыстың шынайылығын бағалауды ұсынады.
Еске салсақ, 2025 жылғы қарашада Алматыда Warner Bros. деп аталатын қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына үкім шыққан болатын. Криптоалаяқтықты ұйымдастырушылар қазақстандықтарды трейлер көргені үшін жоғары пайда алу желеуімен жобаларға инвестиция салуға көндірген. Сот санкциясымен 3,8 миллион USDT сомасына криптоактивтерге тыйым салынды. Сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net