Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астанада дәрігерлер 20 жастағы жас ананың жатырын алып тастаған: тергеу басталды

0

Астанада 20 жастағы тұрғын босанғаннан кейін үйіне шығарылған. Бұл ретте оның дене қызуы болған. Туыстарының айтуынша, кейінірек оның жағдайы күрт нашарлап, ота жасау қажет болған. Жақындарының мәліметінше, ота барысында оның жатыры алып тасталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайы
Босанған әйелдің тағдыры туралы оның әпкесі Т. айтып берді. Ол отбасы асығыс қорытынды жасамайтынын, бірақ болған жайттың мән-жайын білгісі келетінін атап өтті. Оның сөзінше, 2005 жылы туған туысының жүктілігі қалыпты өткен.

"Тоғыз ай бойы ол дәрігерлердің бақылауында болып, сараптамалар тапсырды. Бізге бәрі жақсы екенін айтты. 27 наурызда ол 38 апталық мерзімде жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылды. Сол күні кесар тілігі жасалды. Салмағы 2845 грамм ұл бала дүниеге келді", - дейді қыз.

Әпкесінің айтуынша, перзентхананың өзінде-ақ қауіпті белгілер байқалған. Алғашқы күндерден бастап әйелдің дене қызуы көтеріліп тұрған. Оған екпе салғанда жағдайы жеңілдегенімен, кейін қызуы қайта көтерілген.

"Бірнеше күннен кейін сіңлімді үйге шығарып жіберді. Бұл өзі күмәнді жағдай еді, өйткені оның дене қызуы тұрақсыз болатын. Үйге келген соң жағдайы күрт нашарлады. Таңға жуық денесі дірілдеп, қызуы қатты көтерілді. Біз бірден жедел жәрдем шақырдық", - деп еске алады әпкесі.

Пациент шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілген. Онда, туыстарының айтуынша, оның жағдайына қатысты түрлі болжамдар қарастырылған.

"Басында бір диагноз, кейін басқасы деді, қабыну, инфекция деп айтты. Ұзақ консилиум жүріп, шешім бірнеше сағат бойы қабылданды. 2 сәуірде оған шұғыл ота жасалды. Бізге отаның сәтті өткенін және жағдайы тұрақталғанын хабарлады", - дейді Т.

Алайда, кейінірек отбасы отаның ауыр салдары туралы білген.

"Консилиум жүріп жатқанда бізге жатырды алып тастау мүмкіндігі туралы айтқан болатын. Отадан кейін мен бұл туралы сұрадым. Алдымен жоқ деді. Кейін басқа дәрігер жатырдың алып тасталғанын растады. Бұл біз үшін үлкен соққы болды", - деп бөлісті ол.

Отадан кейін пациент жансақтау бөлімінде жатқан, қазір палатаға ауыстырылды. Оның отбасы болған жағдай туралы әлеуметтік желілерде жазып, мұқият тергеуді сұрап отыр.
Қызметтік тергеу
Астана қаласының перинаталдық орталығы бұл жағдай бойынша қызметтік тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы да растады.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған деректер бойынша тәуелсіз мамандарды тарта отырып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Пациентке тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында білікті медициналық көмек көрсетілді. Емдеу нәтижелері бойынша ол әрі қарай бақылауда болу ұсыныстарымен қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Пациентпен тұрақты байланыс орнатылған. Тексеру қорытындысы бойынша барлық мән-жайға объективті баға берілетін болады", - деп хабарлады медициналық ұйымнан.

Медициналық мекеме тексеру аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net