Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Есірткі қосылған шай“: базарда жанжал шығарған қазақстандық сот алдына келді

0

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты "Бәйтерек" базарында сатушыға пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен тұрғынға қатысты істі қарады. Отырыс барысында ер адам психостимулятордың әсерінде болғаны анықталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Оқиға 2026 жылдың 19 наурызында түскі уақытта "Бәйтерек" базарында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, ұрлық жасаған.
Сауда қатарларының қызметкерлері мен куәгерлер полиция келгенге дейін шабуылшыны өз бетінше ұстап алған.

"Полиция жасағы келгенге дейін құқық бұзушы оқиға орнында ұсталып, залалсыздандырылып, байланған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, К. есімді азамат психостимуляторларды тұтынудан туындаған есірткілік мас күйде болған", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушының нұсқасы: "Мефедрон қосылған шай"
Сот отырысы барысында ер адам істің мән-жайымен келісті. Өзінің есірткіге мас күйін ол бір күн бұрын болған жағдаймен түсіндірді.

"Сот отырысында К. 2026 жылдың 18 наурызында достары оны мазақ қылмақ болып, шайына мефедрон қосып жібергенін түсіндірді. Шайда психостимулятор бар екенін ол ішіп қойғаннан кейін ғана солардан білген. Сонымен қатар ол есірткіге тәуелді ретінде наркологиялық есепте тұрғанын және бұған дейін Қылмыстық кодекстің түрлі баптары бойынша бірнеше рет сотты болғанын жоққа шығармайды", - деп толықтырды соттағылар.

Достарының "қалжыңы" туралы нұсқаға қарамастан, ер адамның кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбалар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және істің басқа да материалдарымен объективті түрде дәлелденді.
Сот шешімі
Сот ер адамды ӘҚБтК 440-1-бабының 1-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну" бойынша кінәлі деп таныды. Жаза қолдану кезінде судья құқық бұзушылықтың сипаты мен ұсталған адамның жеке басын ескерді.

"Сот К.-ны кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданды", - деп түйіндеді соттың баспасөз қызметі.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net