Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандағы ЖЭО-ларды Ресей салмайды - жобалар басқа елге берілген

0

Ресей Қазақстандағы үш жылу электр орталығы (ЖЭО) құрылысына қатыспайды. Көкшетау, Семей және Өскемендегі жобаларды Қазақстан-Сингапур консорциумы жүзеге асырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, Семей және Өскемендегі жобалар бойынша 2026 жылдың басында EPC-келісімшарттар жасалып қойған.
Анықтама: EPC-келісімшарт (Engineering, Procurement, and Construction) құрылыстағы дайын келісімшарт моделі болып табылады, мұнда мердігер нысанды жобалауды, жабдықты жеткізуді және салуды өз мойнына алады, белгіленген баға мен мерзімге кепілдік береді. Тапсырыс беруші аяқталған нысанды алады, ал мердігер жұмыстың соңғы құны мен сапасына тәуекел етеді.
Таяу айларда мердігер жұмыстың белсенді кезеңіне кіріседі. Мамырда негізгі жабдықтарды дайындауға тапсырыс беру, сонымен қатар инженерлік ізденіс жұмыстарын жүргізу және алаңдарды дайындау жоспарланған.
Негізгі жабдықтарды жеткізу 2027 жылдың үшінші тоқсанынан басталады деп күтіледі, ал станцияларды пайдалануға беру 2029 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.
Көкшетаудағы ЖЭО жағдайы қандай?
Көкшетаудағы жоба дайындық және ішінара құрылыс сатысында тұр.
"Самұрық-Энерго" мәліметінше, қазірдің өзінде коммуникациялар тартылып, кіреберіс жолдар салынған. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 2026 жылы әкімшілік ғимараттың құрылысын бастау көзделіп отыр.
Сондай-ақ станцияның жылу қуатын 520-дан 820 гигакалорияға дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Тиісті өзгерістер мердігермен жасалған келісімшартқа енгізілген.
Көкшетаудағы ЖЭО-ны іске қосу 2029 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Кім салады?
Есімхановтың сөзінше, мердігер - қазақстандық-сингапурлық консорциум. Бұл ретте жобаларда заманауи технологиялар, соның ішінде Қытай шешімдері қолданылмақ.

"Меніңше, "Самұрық-Энерго"-дағы әріптестеріміз кездейсоқ компанияны ала алмайды. Бұл – тәжірибесі мен технологияларға қолжетімділігі бар мердігерлер. Мұндай жобалар үшін дербес жауапкершілік қарастырылған", - деді ол Үкіметтегі брифингте.

Үш станцияның бәрінде де "таза көмір" технологияларын және жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарланған.
Кейінірек кулуарда энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жобаларға Ресейдің қатысуы біржола тоқтатылғанын растады. Оның айтуынша, келісімшарттар жасалып қойған.

"Үш ЖЭО бойынша EPC-келісімшарттар жасалды, онда ресейлік мердігерлер жоқ. Қазақстандық мердігерлер салады", - деді ол.

Сонымен қатар Есімханов жобалардың болжамды құнын атады. Атап айтқанда, Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы шамамен 350 миллиард теңгеге бағаланса, Семей мен Өскемендегі станциялардың әрқайсы қуатының жоғары болуына байланысты 400 миллиард теңге төңірегінде болады. Бұл ретте ол жобалардың бюджеттен тікелей қаржыландырусыз жүзеге асатынын айтты.

"Бүкіл бағдарлама бойынша бюджеттік қаржыландыру қарастырылмаған. Компаниялар қаражатты өздері тартады, құрылыс жүргізеді, ал нысан іске қосылғаннан кейін біз олардың несиелерін қайтаруы үшін төлем жасай бастаймыз", - деп түсіндірді вице-министр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net