Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

АҚШ-тағы Hyundai Palisade-ке қатысты трагедия: қазақстандықтарға қандай кеңес берілді?

0
АҚШ-та танымал Hyundai Palisade отбасылық кроссоверінің автоматты орындықтарына қатысты қайғылы оқиға үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы сервистік науқанның басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Не болған?
Еске сала кетейік, оқиға 7 наурызда Огайо штатында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2026 жылғы Hyundai Palisade көлігінде автоматты орындық кенеттен іске қосылып, онда отырған баланы қысып қалған. Соның салдарынан 2 жастағы қыз тыныс ала алмай, мерт болған.
Бұл жағдай қоғамда кеңінен талқыланып, Hyundai компаниясы Солтүстік Америкада бұл модельдің сатылымын тоқтатты және жүйені тексеріп, жетілдіру үшін 69 мыңнан аса автокөлікті кері қайтарып алуды бастады.
Қазақстандағы тексерістер
Бұл жаңалық Қазақстанда да назардан тыс қалмады. Осы орайда автоблогер Қуандық Магзамов осындай механизмнің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тексеріп көрді.
Тексеріс барысында ол орындықтар жиналған кезде жүйе кедергілерді байқамай қалуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл көлікті дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіпті жағдайлар тудыруы ықтимал.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Мағзамов Қуандықтың жарияланымы (@magzamov_kuandyk)


Айта кетейік, Hyundai мәліметтері бойынша, Огайодағы өліммен аяқталған оқиғадан бөлек, компанияға орындықтар жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты кемінде 17 өтініш түскен. Бірнеше жағдайда жарақат алу деректері тіркелген - кем дегенде төрт адам зардап шеккен, алайда олар ауыр жарақаттар емес.
Бұған дейін де осындай шағымдар АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасының (NHTSA) базасында тіркелген. Атап айтқанда, жиналатын орындықтың жолаушыларды қысып қалған жағдайлары туралы хабарланған - бір оқиғада батырманың кездейсоқ басылып кетуінен адам орындық пен алдыңғы креслоның арасында қысылып қалған.
Бұдан бөлек, қайғылы оқиғаға дейін де қауіпті жағдайлар тіркелген: мысалы, пайдаланушылардың бірі жүйенің баланы қысып қала жаздағанын хабарлаған, бірақ ол кезде бұл мәселеге аса маңыз берілмеген.
Алайда соңғы оқиғадан кейін өндіруші жүйе қауіпсіздігін арттыру үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.
Қазақстандағы науқан
7 сәуірден бастап Қазақстанда Hyundai Palisade (LX3) иелеріне арналған сервистік науқан басталды. Сөз орындықтарды автоматты түрде жинау функциясының жұмысына қатысты бағдарламалық жасақтаманы жаңарту туралы болып отыр.
Компания мәліметінше, науқанға 500-ге жуық автокөлік ілігеді. Көлік иелеріне хабарламалар жіберілген, олар тексеру үшін ресми дилерлік орталықтарға жүгіне алады.
Қатысу үшін автокөліктің VIN-коды бойынша тізімде бар-жоғын нақтылап, кейін диагностикадан өту қажет. Қажет болған жағдайда бағдарламалық жасақтама жаңартылады (барлық жұмыстар тегін жүргізіледі).
Айта кету керек, науқанға Қазақстанға ресми дилерлік желіден тыс әкелінген автокөліктер де қатыса алады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net