Қытайлық қарсыласын нокаутқа түсірген Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалына шықты
Төрехан бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласын нокдаунға түсірсе, екінші кезеңде мұны тағы үш мәрте қайталады.
Нәтижесінде төреші қытайлық боксшының нокаут алғанын тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты.
Еске сала кетейік, бүгін Азия чемпионатының таңғы сессиясында Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан моңғолиялық Хархуу Билгүүнсайханнан күтпеген жерден жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір өкілі Ертуған Зейнуллинов те жарысты қола медальмен аяқтады.
Төреханнан бөлек, финалға Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец және Дина Исламбекова да жолдама алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Төрехан Сабырханның (@sabyrkhantorekhan) жазбасынан
