Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда қойма салу тұрғын үй кешендерін салудан тиімдірек болып келеді

0

Шығындар көлемі теңескен, алайда көкөніс қоймаларының құрылысы мемлекет тарапынан субсидияланады. Осындай жағдайлардың арқасында соңғы үш жылда елімізде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тонна болатын 95 жаңа көкөніс қоймасы салынған. TengriHome тілшілері жылжымайтын мүліктің осы бір ерекше сегментіндегі баға белгілеу процестерін анықтап көрді.
Қазақстанда 5 жыл ішінде қанша көкөніс қоймасы салынды?
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, қазір Қазақстанда 996 көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Соның арқасында ел қоймаларына бір мезгілде 2,6 миллион тоннаға жуық жеміс-көкөніс өнімін жинауға болады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов TengriHome басылымына заманауи қоймалар салуға кіріскен кәсіпкерлерде шығындарының қомақты бөлігін өтеп алуға үміт болатынын хабарлады. Бірақ бұл тек ірі қоймаларға ғана қатысты.

"Сыйымдылығы 1 000 тоннадан басталатын картоп және көкөніс қоймаларын салу, кеңейту" жобасын мемлекеттік қолдау көлемі 25 пайыздан 40–50 пайызға дейін ұлғайтылды. Тоңазытқыш жабдықтарымен – 50 пайыз, ал желдету жабдықтарымен – 40 пайыз", - деп нақтылады Азат Сұлтанов.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, өңірлерде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы көкөніс қоймаларының құрылысына жылдық 2,5 пайызбен 10 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие беру қарастырылған.
"Талдау" ақпараттық-талдау жүйесі мәліметінше, соңғы бес жылда еліміз бойынша қойма нысандарын жалдау және басқару саласына 5,9 триллион теңгеден асв инвестиция салынған.
Қазақстанда қойма салу қанша тұрады: шаршы метр бағасы
Қойма салу құны қанша болатынын TengriHome-ға қойма және индустриялық жылжымайтын мүлікке маманданған халықаралық компанияның басқарушы серіктесі Станислав Ахмедзянов айтып берді.
Графикті Станислав Ахмедзянов ұсынды
Ахмедзяновтың сөзінше, күрделі шешімдері жоқ қарапайым құрғақ қойманың (B класы) құрылысы орта есеппен шаршы метріне 380–490 доллар болады. A класы - шаршы метріне 660–680 доллар. Ал мультитемпературалық қойма құрылысының құны бір шаршы метр үшін 910 доллардан басталып, 1100 доллардан асуы мүмкін. Мұнда бәрі қолданылатын тоңазытқыш жабдықтары мен жылу оқшаулау деңгейіне байланысты.

"Қазақстанда эконом-кластағы тұрғын үйдің қара сылақтағы өзіндік құны әдетте шаршы метріне 250–350 мың теңге (510-710 доллар) шамасында, сондықтан қарапайым қойманың шығыны көбіне соған ұқсас болып шығады, ал A класы мен тоңазытқышы бар қоймалар әлдеқайда қымбат", - деп есептеді Станислав Ахмедзянов.

Орталық Азиядағы қойма бумы: Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан
Қойма бумы қазір тек Қазақстанда ғана емес. Өзбекстан Ташкент маңындағы 159 гектар жерде өңірдегі ең ірі хаб құрылысын бастады. Бішкек тоңазытқыш камералары бар заманауи қоймалар салу бойынша мемлекеттік бағдарламаның құрылғанын жариялады. Ал "Кыргызэкспорт" тіпті Новосибирск қаласында өз жеміс-жидектері мен көкөністерін терең мұздату мүмкіндігі бар жеке көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр.
Ахмедзяновтың мәліметінше, Орталық Азия елдерін өзара салыстырсақ, қойма тапшылығы бойынша Тәжікстан көш бастап тұр. Одан кейін сәл ғана айырмашылықпен Қырғызстан мен Өзбекстан келеді. Қазақстан сапалы қойма қоры мен нарық ауқымы бойынша ресми түрде өңірдегі тапшылық ең аз ел болып саналады. Бірақ бәрібір Ресейден айтарлықтай артта қалып келеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net