“Педагогикалық өмірім: білім, тәрбие және рухани даму жолы”
Мен, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беру мектебінде, 30 жылдан астам уақыт бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келемін. Бұл ұзақ жылдар мен үшін тек кәсіби қызмет кезеңі ғана емес, сонымен қатар өмірлік миссия, педагогикалық ізденіс, тәрбие мен шығармашылық тәжірибемен байытылған маңызды уақыт болды. Мектептің әрбір күні — мен үшін жаңа жетістікке, білім мен рухани дамуға ұмтылған сәт болды.
Жалпы педагогикалық тәжірибем 38 жылды құрайды, және осы жылдар ішінде менің қызметім тек сабақ жүргізумен шектелмеді. Шамамен 20 жылға жуық тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарып, мектептің тәрбие жүйесін жетілдіруде, оқушылардың жан-жақты дамуына...
