Айбалта арманына қалай жетті?
Бір салақ адам балта сатып әкеліп, қораның бұрышына тастай салыпты. Содан алғашында әне саптаймын, міне саптаймын деп жүреді де, кейін мүлде ұмытып кетеді.
Балта болса, тот басып, әрінен айырылып бара жатты. Ақыры бұл қорлыққа төзбей қайрақ тасқа тиіп сыңғыр етті.
– Бұл кім? – деп қыр ете қалды қайрақ тас.
– Мен – Балтамын.
– Иә, не болды?
– Қайрақ тас, сен ақыл қосшы, не істеу керек, қайтсем, жарқылдап иемнің қолында жүрем?
– Арманың сол ма?
– Иә.
– Ендеше, баяғыда-ақ қимылдауың керек еді. Тоғайға бар, өзіңе лайық сап кесіп, киіп ал. Сөйт те, маған кел, мен сені қайрап, жарқылдатып...
