Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дағы білім жүйесі және көрсетілген мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның ең ірі және беделді жоғары оқу орны, онда 16 факультетте 100-ден астам мамандық бойынша бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алуға болады. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі, үздіксіз білім беру жүйесі студенттерге толыққанды дайындық береді.Сабақтар интерактивті форматта өтеді: дәрістермен қатар семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар мен жобалық тапсырмалар ұйымдастырылады. Бұл студенттердің тек білім алып қана қоймай, креативті ойлау, зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Университет 1934 жылы ашылған және зерттеу университеті мәртебесіне ие, ХХІ ғасыр талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Ол ғылыми-білім беру әлеуеті жоғары орталық ретінде Қазақстан жоғары білімінің стандарты болып табылады,...
