Димаш жайлы ертегі
Ертеде бір ханзада өмір сүріпті. Ол ән айтуды ерекше сүйіпті. Оның дауысын естіген пенде, жан-жануар, күллі тіршілік иесі "бұл не құдірет?" деп таңырқап, қарап қалатын. Ханзада ерекше сымбатты еді. Көзі үлкен, бойы ұзын, тұла-бойы сымдай тартылған жас жігіт қыз-қырқынның аяулы арманына айналды. "Бұл ханзаданың ханшайымы кім болар екен?" деген сұрақ әр бойжеткеннің жүрегін селт еткізетін.
Ханзада көп адам біле бермейтін шағын патшалықта ғұмыр кешті. Патшалықта адамдар екі тілде сөйлейтін, ал атадан балаға мұра болған ана тілін көбіне тек қарапайым шаруа адамы ғана қолданатын. Ханзаданың бала кезден бері келе жатқан үлкен арманы бар еді. Ол осы бір қарапайым халқымның қазынасын...
