ҚазҰУ – арманнан шындыққа дейінгі жол
Мен үшін ҚазҰУ – тек университет емес, бала күннен бері жүрегімде аялап, армандаған киелі қара шаңырақ. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде мен әрдайым болашағымды елестетіп, өзімді дәл осы оқу орнының студенті ретінде көретінмін. 10–11 сыныптарда бұл арманым айқындала түсті. Достарымнан, интернеттен және әлеуметтік желілерден университет туралы естіп, әртүрлі бейнероликтерді қызыға қарадым. Әрбір көрген суретім мен бейнежазбам менің таңдауымның дұрыстығына сенімімді нығайта түсті. Сол кезде ішімде мызғымас мақсат пайда болды: “Мен міндетті түрде осы беделді университеттің студенті боламын.”
2025 жылы менің көптен күткен арманым шындыққа айналды – мен ҚазҰУ-дың Экономика факультетінің логистика мамандығына оқуға түстім. Сол сәттегі кеудемді кернеген қуанышымды сөзбен жеткізу...
